Теміржол саласының 1000 астам қызметкері марапатталды

Қазақстан Республкасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында, “ҚТЖ” ҰК” АҚ дәстүрге сай, сала мамандарын марапаттады.  

Биыл ҚР Президентінің Жарлығымен “Қазақстаныңн теміржол, автокөлік, әуе және су көліктері қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитов “Құрмет” орденін иеленді.  

 Ал, «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Шымкент магистарльдық желісі» филиалы Шымкент жол дистанциясының жол шебері Еделбек Тағаев ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды.

Алты теміржолшы мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленді, олардың арасында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» филиалының Бабатай станциясы бойынша кезекшісі Қарлығаш Маусымбаева, «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Ақтөбе жол дистанциясының жол шебері Нұрлан Жұматаевтар бар. ҚР Президентінің Құрмет грамотасы «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Ақтөбе белгі беру және байланыс дистанциясының басшысы Серік Екібаев пен «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Западный» өңірлік филиалының Ақтөбелік учаскесінің жолаушылар вагонының жолсерігі Евгений Шевченкоға бұйырды.

20 теміржолшының еңбегі ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің құрмет грамотасы және алғыс хатымен марапатталды.

Теміржол көлігін дамытуға қосқан үлесі үшін және адал еңбегі үшін «Адал еңбегі үшін» салалық төсбелгісімен 154 қызметкер марапатталды. 89 теміржолшы «Кәсібі бойынша үздік» атағын, 100 қызметкер 89 «Үздік маман» дәрежесін иеленді.

Шамамен 580 қызметкер «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар, саланың дамуына қомақты үлес қосқан Қазақстан теміржол көлігінің ардагерлері мен мамандары «ТҮРКСІБ 90» төсбелгісін иеленді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ биыл Т Түркістан-Сібір магистралінің 90 жылдығына орай, осындай төселгі шығарған болатын.