«Нұр-Медиа» ЖШС «Қазақстан теміржолшысы» газетінің басып шығарылуын тоқтатады

«Нұр-Медиа» ЖШС 2021 жылдың 01 қаңтарынан бастап Қазпошта каталогына енгізілген «Қазақстан теміржолшысы» газетінің (индексі 65358) басып шығарылуын тоқтататынын хабарлайды.

Осыған байланысты «Қазпочта» АҚ құрылымдық бөлімшелері жазылушыларға ақшалай қаражатты қайтару бойынша жұмысты бастады. Ол үшін «Қазақстан теміржолшысы» газетіне жазылған азаматтар өзімен бірге төлем туралы түбіртек пен жеке куәлігін алып, «Қазпошта» АҚ филиалына баруы қажет.