Павлодар мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі екінші орынды иемденді

Сулугуль Бакесова

Сулугуль Бакесова

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қарасты жасақтар арасындағы салалық жарыс қорытындысы бойынша Павлодар мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі 2-орынды иеленді. 

Бұл абыройға «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған Мерғалым Кибашев басшылық ететін павлодарлық өрт сөндіру қызметінің азаматтары күнделікті тынымсыз ерен еңбектерінің арқасында қол жеткізді. Егер стационарлық нысандар мен жылжымалы құрамдардағы өртті сөндіру және өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша профилактикалық жұмыстың өткен жылдағы қорытындысына келсек, онда былтыр 2 оқиға болған, ал биыл 1 факті тіркеліп отыр.

«Коронавирус пандемиясымен байланысты күрделі жағдайға қарамастан өрттің алдын алу және болдырмау бойынша жұмыстар жалғасып, оң нәтиже беруде. Осы арада, өрт қауіпсіздігін сақтау ісіне 30 жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқан НПОЖЗ-3 орынбасары И.В.Аржаныхтың елеулі үлесі бар екенін айтар едім. Аталған мекеме жігіттері ұйымшыл, тілсіз жауды құрықтауға қашанда дайын. Өрт қауіпсіздігін сақтау үшін Павлодар өңірінде инспекторлық құрам мен Ерейментау, Екібастұз, Павлодар станцияларындағы өрт пойыздарының басшыларына қатысты қосымша іс-шаралар әзірленіп, жоспарланған. Бұл жұмыстар жоғары нәтиже береді деген ойдамыз», – дейді Павлодар магистральдық желі бөлімшесінің қызметкері Болатбек Тайлақов.