«Топжарған» түлегі - желілік басшылар

ҚТЖ-ның 49 желілік басшысы «Топжарған» көшбасшылықты дамыту бағдарламасы бойынша білім алды. Бұл бағдарлама өткен жылы Компаниядағы маңыздыміндеттерді жүзеге асыру және басшыларға қажет құзіреттілікті дамыту мен ынталандыру үшін іске қосылған болатын.

Жыл бойы тындаушылар жұмыстан қол үзбей «Кіріспе», «Өзгерістер жобалары», «Көшбасшылық», «Стратегия», «Технология», «Қорытынды» сияқты алты модуль бойынша білім көкжиектерін кеңейтті. Дәрісті аталған білім модульдары бойынша біліктілігі мол Ресейден келген тренерлер, сондай-ақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасарлары мен департамент басшылары берді. Оқыту барысында көшбасшылық пен басқару жөніндегі кең ауқымды және терең спектрлі мәселелер қамтылды. Қатысушылар өзгерістер кезеңіндегі бизнесті дамыту үшін жүйелі басқаруды құрудың озық әлемдік тәжірибелерімен танысты. Бағдарлама қатысушылардың «Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнемониторинг жүйесін енгізу», «Тексерістер санын қысқарту», «Нормативтік-техникалық құжаттар» мобильдік қосымшасын әзірлеу және енгізу», «Байланыстар көлемін қысқарту», «ККЖ АБЖ мобильдік қосымшасын әзірлеу» және «QR-код цифрлық сервисін құру» сияқты нақты жобаларының таныстырылымын көрсетумен аяқталды. 

«Топжарған» бағдарламасының қатысушысы, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ның маркетинг жөніндегі атқарушы директоры Дәулетбек Нығметовтің айтуынша, оқыту барысында топ-менеджменттің құзіреттілігін арттыру саласындағы негізгі тақырыптар игеріліп, пысықталған. «Біз инновациялық өнімдер құру, мақсаттармен және міндеттерді жоспарлау процесімен таныстық. Бізде модульдар арасында ақпараттарды сіңіруге және тәжірибе жүзінде жаңа мысалдармен сынақтан өткізуге жеткілікті уақытымыз болды, тіпті ең тәжірибелі деген қатысушылар үшін жаңашылдық пен қызығарлық жайттар көп болды», – деді ол. 

Оқыту қорытындысы бойынша «Топжарған» көшбасшылықты дамыту бағдарламасын бітіргені туралы қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Оқыту кезінде ерекше ықыласымен назарға іліккен компанияның топ-менеджерлері басшылықтың грамоталарымен марапатталды.