Вагондағы балық: «Атырау-Ақтөбе» пойызынан браконьерлік әрекет анықталды

Ардақ Ерубаева

Ардақ Ерубаева

Ақтөбе станциясына тоқтаған №691 «Атырау-Ақтөбе» жолаушылар пойызынан браконьерлік әрекет анықталды. Теміржолдағы тәртіп сақшылары дизельдік вагоннан құжаты жоқ 30 келі балық тәркіледі. 

Теміржол бойында заңсыздықты болдырмау, қауіпсіздікті қадағалау бағытында ұйымдастырылған «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы аясында анықталған дерекке желілік полиция қылмыстық іс қозғады. 

Оқиға 12 қараша күні Ақтөбе теміржол вокзалында Атыраудан Ақтөбеге бет алған жолаушылар пойызының перронға тұрақтау кезінде тіркелген. Дизельдік вагоннан ешбір растайтын құжаты жоқ, жалпы салмағы 30 келі балық салынған күдікті сөмке табылды. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы жануарлардың сирек кездесетін түрлерімен заңсыз айналысу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда сот-биологиялық сараптама тағайындалды. 

Желілік полиция қызметкерлерінің мәліметінше, теміржол аймағында браконьерлікті, биологиялық ресурстарды, табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуын анықтау және алдын алуға қызмет ету аймағында экологиялық қылмыстарды анықтау мақсатында «Браконьер» жедел алдын алу шарасы тұрақты жүргізіледі.