Атырауда марапаттар иелерін тапты

Косуим Мукашев

Косуим Мукашев

Ерте көктемде жарияланған карантинге байланысты біраз шаралар кейінге шегерілгені белгілі. Теміржолшылардың төл мерекесі де биыл уақытында аталып өтпеді. Алайда, ешкім елеусіз қалмады, марапаттар иелерін тапты. 

Атырау магистральдық желі бөлімшесінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ моральдық және материалдық ынталандыру Комиссиясының 2020 жылдың 8 шілдедегі №5 хаттамасына сәйкес Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай бірқатар қызметкерлерді марапаттау шарасы өтіп, оны бөлімше басшысының орынбасары Жәнібек Жөнтұрбаев табыстады. Атырау жол дистанциясының өндірістік телім бастығының орынбасары Мереке Мұханбетжанов «Құрметті теміржолшы» атағына ие болса, Атырау магистральдық желі бөлімшесі филиалының экономика бөлімі бастығы Г.Каспанова «Үздік маман» төсбелгісін кеудесіне тақты. 

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен бөлімше бас инженері С.Сейілханов, Құлсары жол дистанциясының жол шебері И.Байрамбаев, Құлсары есептеу бөлімінің персонал жөніндегі менеджері Г.Исахаева, Сағыз станциясы вокзалының аға кезекшісі Э.Қайдабаева, Құлсары байланыс дистанциясының электр механигі С.Орақбаев, ал Алғыс хатпен Атырау байланыс дистанциясының электроншы инженері А.Ғалимов, Құлсары жол дистанциясының жол жөндеушісі К.Дәулетов, бөлімшенің вокзал шаруашылығы бөлімінің көлік жөніндегі инженері А.Жұбанқұлова, Құлсары байланыс дистанциясының орталықтандыру және блоктау аға электр механигі Қ.Қайыржанов, бөлімше аудармашысы Б.Қалдыбаева, Атырау жол дистанциясы өндірістік телім бастығы Д.Тауашов, Атырау электрмен жабдықтау дистанциясының автокөлік жүргізушісі Ж.Үмбетов, Ақжайық байланыс дистанциясының радиобайланыс аға электр механигі А.Шахатов марапатталды. 

2019 жылдың нәтижесі бойынша сіңірген еңбегі және өндірістік жарақатқа жол бермегені үшін Атырау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Е.Сапаров, бас инженер С.Сейілханов, еңбек қорғау секторының бастығы А.Есқалиев та Басқарма төрағасының Құрмет грамотасын алды. А.Есқалиевке сондай-ақ «Қауіпсіздіктің мінез-құлықтық диалогы» тақырыбы бойынша оқытуды жүргізуге қосқан жеке үлесі үшін ҚТЖ Басқарма төрағасының Алғыс хаты берілді. 

– «Игіліктің ерте-кеші жоқ» деген, елімізде қалыптасып отырған карантиндік жағдайға байланысты теміржолшылардың төл мерекесіндегі марапаттары кешігіп табысталып отыр. Ең бастысы, біздің теміржолшылар бұл марапатқа әбден лайық, пандемия кезінде де теміржолда қозғалыс тоқтаған жоқ, жүк тасымалы қалыпты деңгейінен ауытқыған жоқ, – дейді Атырау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Елеубай Сапаров.