Дарбаза-Мақтаарал темір жол желісінің дамытады

Райхан Рахметова

Райхан Рахметова

«ҚТЖ» компаниясы Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы Дарбаза-Мақтаарал темір жол желісінің жүк өткізу қабілетін арттыруды қолға алды. Ол үшін осы халықаралық көлік дәлізінің бойында орналасқан шекаралық станциялардың логистикалық инфрақұрылымы ұлғайтылуда. 

Қазақстан темір жолдарында Өзбекстанға бағытталған транзиттік тасымалдың негізгі жүк ағыны Сарыағаш мемлекетаралық түйісу станциясы арқылы өтеді. Бұл станцияның өткізгіштік қабілеті онсыз да толық қуатында жұмыс істеп тұр. Жергілікті жерде тиісті жағдайдың болмауы және халық тығыз орналасқан өңірде жер телімдерінің жетіспеушілігінен бұл станцияны әрі қарай дамыту мүмкіндігі жоқ деуге болады.

Ұлттық компания қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасындағы темір жол телімдерінің өткізгіштік қабілетін арттыру үшін ДарбазаМақтаарал жаңа темір жол желісін салуды қарастыруда. Бұл СарыағашТашкент теліміндегі жүктерді қайта бөлуге, Сарыағаш станциясына түскен жүктемені азайтуға және аталған бағыттың өткізу қабілетін көбейтуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Узбекистан Темир Йуллари» АҚ арасында транзиттік әлеуетті тиімді пайдаланудың оңтайлы нұсқаларын зерттеу үшін ынтымастық туралы Меморандумға қол қойылды. Уағдаластық аясында негізгі өндірістік және экономикалық көрсеткіштерді анықтау, жаңа бағдарлардың қаншалықты мақсатқа сәйкестігі бойынша жұмыс тобы құрылмақ.

Сонымен қатар Қытаймен шекарада транзиттің өткізу қосындарының қуатын арттыру үшін 2021 жылы Достық және Алтынкөл станцияларын дамытудың Бас жоспары әзірленбек.

Бүгінгі таңда Еуропа-Азия бағытында жүктер қатынайтын Достық шекаралық өткелінде 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында «Достық-Мойынты» темір жол көлігі дәлізін жаңғырту» жобасы жүзеге асырылады. Жеке инвестиция тарту есебінен қолданыстағы жүк ауыстырып тиейтін контейнерлік терминалды қайта құрылымдау және жаңасын салу жоспарлануда. Аталған шаралар пойыздар қабылдау және тапсыру кезіндегі өңдеу уақытын қысқартуға, Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымал көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Достық-Мойынты телімін жаңғырту қорытындысы бойынша контейнерлік пойыздар жылдамдығы тәулігіне 1150 км-ге дейін өседі.