Жемқорлыққа жол бермеу

Сулугуль Бакесова

Сулугуль Бакесова

Павлодар магистральдық желі бөлімшесінің басшылығы өңірдің бөлімшеге қарасты филиалдарында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге мүдделілік танытып отыр. 

Жақында аталған өңірде облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл департаменті жетекшісінің бірінші орынбасары Ардақ Балғожин мен «Адал жол» жобалық кеңсенің менеджері Ержан Нұрбаевтың бірлесуімен ZООМ құрылғысы арқылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на қарасты Павлодар магистральдық желі бөлімшесінің орта буын жетекшілеріне арналған жиын өтті. Онда спикерлер жобалық менеджмент призмасы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қандай іс-шаралар атқарылып, жұмыстар жүргізіліп жатқанынан хабардар етті. Сонымен қатар құзырлы орган өкілі, биылғы жылдың 17 қазанынан бастап ұлттық және жекеменшік кәсіпорындарда комплаенс қызметті құруды қарастырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа нормалар заң күшіне енгенін және де бұл маңызды заңнамалар сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істердің ашылу көкжиегін кеңейтетінін атап өтті. Ал «Адал жол» жобалық кеңсе менеджері жобалық кеңсенің жұмысы туралы баяндай келіп, жиынға қатысушыларды алда тұрған кәсіпорынның қызметіне талдау жүргізу жоспарымен таныстырды. 

 Жиын соңында Павлодар магистральдық желі бөлімшесінің директоры Марат Жүнісов спикерлерге маңызды баяндамалары үшін алғыс айтты. 

Жалпы онлайн-жиынға бөлімшенің 250 орта буын жетекшісі қатысты.