Темір де тозады

Жансая Сыдыкбаева

Жансая Сыдыкбаева

Шымкент жол дистанциясында 5 дана ауыр типті машина жұмыс істейді. Олар: ДГКу-1735 – 1 дана, МПТ-965 – 1 дана, АС-5 №024 – 1 дана және АГД – 1А 442, АГД-1А 460 – 2 дана. Аталған техникалардың теміржол бойындағы ақауларды тауып, жол күтімін жасауда көмегі зор. 

Алайда техника темір болса да тозады, оны да күтіп-баптап ұстау қажет. Жыл басынан бері дистанцияда техникаларды тексеру кезінде 49 кемшілік табылып, мамырға дейін оның 37-сі жойылған екен. 

Дистанцияның жетекші инженері Дана Өмірбаеваның айтуынша, машиналар мен механизмдердің қалыпты жұмыс істеулері үшін қажетті бөлшек-тетіктер тізімі жасалған. Дистанцияға қарасты жолдар мен жер төсемдеріндегі, жасанды құрылыстардағы, өндірістіктехникалық ғимараттардағы, теміржол алабындағы анықталған кемшіліктерді уақтылы жою үшін арнайы күнтізбелік жоспар мен іс-шара бекітілген. 

«Қазіргі таңда барлық жол шеберлері анықталған кемшіліктерді іс-шараға сәйкес уақытында орындап жатыр. Кемшіліктерді толығымен жою үшін қажетті материалдармен, машина-механизмдермен қамтамасыз етуді сұрап жол және құрылыс департаментіне тиісті құжаттар жіберілді», – деді ПЧ-53 жетекші инженері Дана Умирбаева.