Ерен еңбегімен ерекшеленген теміржолшылар марапатталды

Ардақ Ерубаева

Ардақ Ерубаева

Ақтөбеде Тәуелсіздік мерекесі күніне орай салтанатты шара өтіп, Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде қалыптасуындағы жүріп өткен тарихи жолы дәріптелді. Ерен еңбегімен ерекшеленген теміржолшылар марапатталды.

Ақтөбе ЖТ бөлімшесінің басшысы Бөріхан Беркімбаев пен Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Серғали Жайлаубай теміржолшы қауымды егемен елдің ұлы мерекесімен құтықтап, ізгі тілектерін білдірді. 

Мереке марапатсыз өткен бе?! Пандемияға байланысты қысқартылған түрде өткен шарада еңбекте үздік танылған теміржолшылардың мерейі үстем болды. 

Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің ардагері Қуандық Досмамбетов мінсіз, адал қызметі, ел экономикасының дамуына қосқан айтарлықтай үлесі үшін ҚР-ның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Ал Ақтөбе 

магистральдық желі бөлімшесі филиалының ардагері Владимир Хан Түркістан-Сібір теміржолының 90 жылдығына

орай «Түрксіб-90» төсбелгісімен марапатталды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма басшысы Сауат Мыңбаевтың

атынан «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен «Пойыздар

қозғалысын басқару орталығының» директоры Амантай

Жайлығұлов пен Ақтөбе ЖТ бөлімшесі басшысының

экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Эдиль

Шаимов марапатталды.

Сонымен қатар, бірқатар теміржолшылар «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» төсбелгісімен, «ҚТЖ»

ҰК» АҚ төрағасының құрмет грамотасы және алғыс хаттарымен марапатталды. «Бүгін тарыдай жетістігіміз

болса, ол – Тәуелсіздіктің арқасы. Осы орайда Тәуелсіз

Қазақстанның теміржол саласының дамуына аянбай

үлес қосқан ардагер теміржолшылардың еңбегі орасан зор. Сол аға ұрпақтың жолымен бүгінгі күні еңбек

көрігін қыздырып жатқан жас буынның да қарымқабілеті ерен. Барлықтарыңызды қазақтың рухын

көтерген Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын», – деді

бөлімше басшысы Бөріхан Беркімбаев.