Жабдықтар жарақтылығы жоғары

Жансая Сыдыкбаева

Жансая Сыдыкбаева

Магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясы жыл басынан бері белгіленген жоспарға сай жұмыс істеп келеді. Электрмен жабдықтау дистанциясы бойынша балдық баға 14,5-ке өскен. 

Дистанцияда ALSN құрылғыларының істен шығуы бойынша, жоспарлы ажыратулар – 4/1, түйіспелі тіректердің жерге тұйықталуының ақаулығы – 0/1 болған. 

Вагон зертханасында жылдың үшінші тоқсанында байланыс желісінің параметрлерін өлшеу және визуалды тексеру жұмыстары атқарылды. Мамандар №72139 байланыс желісін сынау жөніндегі вагон-зертхананың борттық автоматтандырылған жүйесінің бұзылуына байланысты 2019 жылдың 3 тоқсанына талдау ұсынылмағанын айтты. 

Дистанцияда қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылмауы үшін бірқатар жұмыстар жүргізілген. Атап айтқанда, қашықтықтан пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбекті қорғау және жеке нормативтерді орындау мәселелері бойынша ай сайын цех бастықтарымен бірлесіп техникалық-экономикалық кеңес өткізген. Бұдан бөлек, ППР кестелерінің орындалуына, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, электрмен жабдықтау құрылғыларының сенімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуына да бақылау орнатқан. 

– Ай сайын дистанцияда қозғалыс қауіпсіздігінің нашарлауына жол берген цех басшылары тыңдалады. 

Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі бұзылған жағдайда себеп-салдары талданып, осындай жайтқа екінші рет жол бермеу үшін іс-шаралар әзірленеді және мерзімдері бойынша орындалады, – деді Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының басшысы Р.Сүлейменов. 

Оның айтуынша, биылғы 10 айда жоспарға сәйкес байланыс желісіне қатысты 890 км ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ал электрмен жабдықтау шаруашылығы құрылғыларының сенімділігін арттыру мақсатында фарфор оқшаулағыштарының диагностикасы 7500 дананы құраған. Байланыс желісінің тозған тіреуіштерін ауыстыру – 880 дана, КС-059-1 түйісу қысқыштарын кабельді желіге ауыстыру 2 дананы құрады. Сондай-ақ, құрылғыларды ағымдағы жөндеу 152 км орындалды. Тіректердің негізін күшейту – 20 дана, желілік ажыратқыштарын жөндеу және тексеру – 10 дана, АБ және ДПР желісіндегі трансформаторлардың 12 данасы жөндеуден өткен. Қорыта айтқанда, қысқа толықтай жарақты жабдықтар жұмысы жарамды күйде келіп отыр.