Цифрлы технология: бес өңір бір орталықтан басқарылады

Ардақ Ерубаева

Ардақ Ерубаева

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ магистральдық желінің Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Орал, Қызылорда бес бірдей бөлімшесінің диспетчерлік орталықтарын біріктіретін «Пойыздар қозғалысын басқару орталығы» трансформация жобасы шеңберінде Ақтөбе қаласында, Батыс өңірінде пилоттық полигонды іске қосты.  

Аталған шара – Қазақстан темір жолы үшін тарихи және маңызды оқиға. Тасымалдарды басқару процесін автоматтандыру Компания дамуына қомақты үлес қосады. 

Басқарма төрағасының корпоративтік мәселелер және HR жөніндегі орынбасары Серік Әбденов бастаған «ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясы Ақтөбеге арнайы барып, Пойыздар қозғалысын басқару орталығы ғимаратының, пойыз диспетчерлері жұмыс орындарының даярлығымен танысты. 

Төртқабатты ғимарат пайдалануға дайын, атап айтқанда, байланыс пен ДО қажетті құрал-жабдықтары орнатылған және де барлық қажетті инженерлік, соның ішінде жылу, су, электр, байланыс желілері тартылып, кәріз жүйесіне қосылған. 

10 қыркүйектен Ақтөбе және Орал бөлімшелерінің диспетчерлік орталықтарын көшіру бойынша жұмыстар басталды. 2020 жылдың 14 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 5 орталықта: Илецк-Жайсан, Жайсан-Ақтөбе, ҚандыағашЖем, Қандыағаш торабы, АқтөбеҚандыағаш ПБО диспетчерлік орталықтандыруды іске қосу өткізілді. 

Сонымен қатар, 2020 жылдың қаңтарынан 68 пойыз диспетчері Ақтөбе өңірінен, Орал қаласынан Ақтөбе қаласына баспана жалдауға 25 АЕК көлемінде материалдық көмегі төленген 13 пойыз диспетчері көшірілді. Жоба шеңберінде Атырау, Маңғыстау және Қызылорда бөлімшелерінен көшірілетін қызметкерлерді бірінші кезеңде жатақханада орналастыру жүзеге асырылады не болмаса қала бойынша пәтер жалдауды ұсыну жоспарлануда. Шақырылған қызметкерлер жөніндегі ережеге сәйкес, баспана жалдау төлемі 2 жыл бойына деп қарастырылған. 

Диспетчерлік орталықтарды көшіру кезеңімен жүргізіледі және де ағымдағы жылдың қарашасына дейін созылады. Атырау бөлімшесі – 2020 жылдың 23 қыркүйегінен бастап 11 қазаны, Маңғыстау бөлімшесі – 2020 жылдың 12-сі мен 27 қазаны, Қызылорда бөлімшесі – 2020 жылдың 28 қазанынан бастап 12 қарашасында аяқталады деп жоспарланған.

Пойыздар қозғалысын басқару орталығы 3 кезеңде жүзеге асырылады және де 2021 жылы оны сынамалық пайдалануға енгізу жоспарлануда. Бірінші кезенде ПБО ұжымдық пайдалану таблосын (ҰПТ) пайдаланбай іске қосылады. 

Екінші кезенде ҰПТ бағдарламалық қамтамасыз етусіз (БҚ) пайдаланылатын болады. Үшінші кезенде – ҰПТ және БҚ пайдалана отырып, аталған кезең ұзақтығы 3 айды құрайды. 

Серік Әбденов өз сөзінде еңбек жағдайы мен қоныс аударған қызметкерлердің тұрмыс жағдайына ерекше назар аударды. Компаниямен барлық көшірілген қызметкерлерге лауазымын өзгерткені бойынша 1 лауазымдық еңбекақы көлемінде бір реттік жәрдемақы мен осы еңбекақының 25% отбасының әрбір мүшесіне төлеу; қызметкер мен оның отбасы мүшелерінің басқа жерге көшуіне орай шығындарын өтеу; баспана жалдауға ай сайын 2 жыл бойына 25 АЕК көлемінде өтемақы төлеу қарастырылған. Сонымен қатар, Атырау, Қызылорда қалаларынан және Маңғыстау станциясынан көшірілетін қызметкерлердің аз төленетін жұмысқа ауысуы жағдайында 3 ай бойы бұрынғы жұмыс орнындағы орташа еңбекақысы сақталады және 9 ай ішіндегі еңбекақысындағы айырмашылықты құрайтын бір реттік берілетін өтемақысы төленеді. 

Пойыздар қозғалысын басқарудың өңірлік орталығын құру барлық мәліметтерді «ұжымдық таблода» көрсете отырып пойыздар қозғалысын басқару екендігін және пойыздардың орналасуын орталықтан басқаруды қамтамасыз ететіндігін қаперге саламыз. 

Нәтижесінде, пойыздардың жақындауы, бағыттамалы бұрмалардың, бағдаршамдардың көрсеткіштері туралы ақпараттарды алу және беру процесі автоматтандырылатын болады. Пилоттық полигонды жүзеге асыру тасымалдау процесін екі деңгейлі басқаруды қамтамасыз етеді, вагондар мен локомотивтердің кепілдендірілген иінін, транзиттік пойыздардың бағыттық жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ диспетчерлік орталықтарды қысқартады.