Түрксіб – балалар көзімен

Косуим Мукашев

Косуим Мукашев

Биылғы жылдың тамыз айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да Түркістан-Сібір темір жолының 90 жылдығына орай «Түрксіб – балалар көзімен» тақырыбында «Балауса болашақ» деп аталатын балалар мен жасөспірімдердің онлайн-конкурсы өткен болатын. 

Конкурсқа Компанияның филиалдары мен еншілес ұйымдарының 7-ден 14 жасқа дейінгі балалары қатысты. Шығармашылық шараның мақсаты қазіргі қоғамда маңызды да беделді теміржолшы мамандығын танымал ету, шойын жол магистралінің аяққа тұруы мен дамуын, өмірге келу тарихы туралы өскелең ұрпақтың түсінігін қалыптастыру болатын. 

Байқауға атыраулық теміржолшылардың балалары да қатысып, бақ сынады. Солардың ішінде Атырау жол дистанциясының жол жөндеушісі Тұрниязов Асланның ұлы Дамир мен қызы Айару «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Б.Котыревтің Алғыс хатымен марапатталды. Оны ұжым алдында Атырау магистральдық желі бөлімшесі басшысының орынбасары Ж.Жөнтұрбаев табыс етіп, балаларға алдағы уақытта да шығармашылық табыс және биік белестерден көрінуді тіледі.