Тереңөзекте жылу қазандығын өгілдір отынға қосу жұмыстары аяқталды

Сабырхан Надирбаев

Сабырхан Надирбаев

Теміржолсу-Қызылорда мекемесінің теміржолшылары Тереңөзек станциясындағы жылу қазандығын өгілдір отынға қосу жұмыстарын толық аяқтады.  

Кореялық STS-2000 типті «Чеиль бойлер» жылыту қондырғысын бұған дейін де жылыту жүйесінде қолданып келе жатқан мекеме оның тиімділігіне сүйеніп, аталған бекетке орнатқан. 

Жылу желілерін көгілдір отынмен жылытуға ауыстыру жайын мекеме басшысының орынбасары Насыр Абдулла тексеріп, он шақты жылдан бері от жағушымашинист болып жұмыс істейтін Елжас Бекмағанбетов пен Шәміл Гелмуддиновтермен бірге жаңа қондырғыны арнайы тәжірибеден өткізіп, онымен жұмыс жасауға машықтарын да жетілдірген. 

Айта кету керек, газ тапшылығы туындаған жағдайда әмбебап «Чеиль бойлер» пеші қатты отын-көмірмен де жұмыс жасауға есептелінген. Пеш жылу маусымында 0,363 Гкал көлеміндегі жылу қуатын, бұл шамамен жұмыс орнының +18-200 Скөлеміндегі жылуды тұтынушыларға таратып тұратын болады.

Насыр Абдулла жаңа қондырғының тиімділігін, пайдаланудағы оңтайлылығын және де қоршаған ортаға бөлінетін қалдықтардың аз әрі теміржолшылардың санитарлық жағдайын жақсартуға бәсекелестігі жоғары екенін білдірді. 

– Жалпы көлемі 3 мың шаршы метр аумақты жылытуға қауқарлы «Чеиль бойлер» пеші Тереңөзектегі теміржолшылардың 3 қабатты ЭЦ постын жылытуға толық дайын жағдайда. Осылайша STS-2000 типті «Чеиль бойлер» кореялық жылу пешін өндіріске енгізбекшіміз. Айтпақшы, бұл қазандықты біз осыған дейін Белкөл бекетіндегі нысандарды жылумен қамтамасыз ету үшін пайдалануға енгізген болатынбыз. Күнделікті жұмыс уақытында 40-450С өлшеміндегі жылуды құбырлар арқылы таратып тұратын пеш ауа-райы күрт суытқан жағдайда жылу температурасын 85-90 0 С дейін ысытуға мүмкіндігінің болуы пештің артықшылығы саналады және басқа да артықшылықтарына көз жеткізген соң тағы да осы пешті таңдап алып отырмыз. Қазіргі таңда облыста Тереңөзек ауданын көгілдір отынға көшірілу жұмыстары жүріп жатыр, осы жұмыстар толық жүзеге асырылғанда біз де пешті газға ауыстырамыз, яғни сынақтан өтіп дайын тұрған әмбебап пешті іске қосамыз, – деді ол. 

Тереңөзек бекетіндегі Эц постындағы жылу қазандығы инвестициялық жобаға орай жүзеге асырылуда екен. 

Инвестициялық бағдарлама теміржолшылардың санитарлық жағдайын жақсарту және оларға әсер етуі мүмкін зиянды факторлардың алдын алу, қоршаған ортаны ластауды азайту мақсатын көздейді.