Күрделі жөндеу қажет

Жансая Сыдыкбаева

Жансая Сыдыкбаева

Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің берген мәліметіне сүйенсек, жолдың бағалануы 90 баллды құрап отыр. Жоспар – 87%, ал өткен жылы жоспар 79 балл, орындалуы 81 баллды құраған. 

Биыл жолдың қанағаттанарлықсыз шақырымы 105 км артып, 222 км жеткен. 

Шымкент жол дистанциясының басшылығы 3, 4 дәрежелі ақаулықтарды жоюды «жол өлшеу вагонының көрсеткіштері бойынша таспалардың мағынасын ашу және рельстік жолтабанның жай-күйін бағалау жөніндегі нұсқаулықтың» 60-шы тармағына сәйкес жүргізіп, рельстік жолтабан жай-күйінің өзгеруін талдады. Сондай-ақ жолдың техникалық жай-күйін ескере отырып, теміржолдағы ақаулықтардың туындау себептерін белгіледі. 

Атап айтқанда, дистанция жолшылары 24 қисықты нормаға сәйкес келтіруге атсалысты. ПЧ-53 , ПЧ-54 жол дистанцияларының күшімен 10 ауытқушылық нормаға сәйкестендірілді. Жол ұзындығының сәйкессіздігі де осы шамада орындалды. Екі дистанцияда 319 жұп плетті разрядтау қажет болған, алайда оңтайлы температура режиміне 243 жұп плет енгізілді. 

Жасанды құрылыстар мен жер төсемінің жай-күйіне тоқталсақ, аймақта жасанды құрылыстар саны – 761 дана, оның ішінде 210 көпір: 11 металл, 454 құбыр, 59 көлденең науа, 3 жол өтпесі, 7 жаяу жүргінші көпірі, 23 дюкер және 5 акведук бар. Олар 1903-1971 жылдар аралығында салынған. Бүгінгі таңда 25 көпір түрлі ақаулықтармен жөндеуді қажет етеді. Бұл жалпы санның 12% құрайды. 

Жер төсемі бойынша 123 шақырымның 25,6 км жөндеуді талап етеді, арықтар – 68,9 км, оның 25,1 км жөндеуді талап етсе, су бұру құрылыстары – 10,82 км, оның да 1,8 км жөндеуден өту керектігі анықталып отыр.