Жоспарлы жұмыстар нәтіже берді

Куаныш Кожаев

Куаныш Кожаев

Қыс келіп, аязды күндердің күшіне мінуімен Семей ЖТ бөлімшесі бойынша локомотив шаруашылығында қауырт жұмыстар орын алуда. Онсыз да күн тәртібінен түспейтін пойыз қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мен еңбекті қорғауда, жүк тасымалы мен маневрлік шараларды сапалы жүзеге асыру- да айлықтар ұйымдастырылып, қызмет барысына оң нәтижелер енгізуде.

Атап айтсақ, пойыз қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мақсатында тоқсандық ұйымдастырылған болатын. Арнайы шара барысында локомотив бригадаларының келукету уақытындағы жүйелілік пен тепловоздардың тежегіш құрылғылары, аппаратуралар толықтай жіті тексеруден өтті. Басты мақсат – жыл соңын жетістікпен қорытындылау, мақсатты шараларға кедергілерсіз қол жеткізу. Арнайы шара барысында алаңдаушылық туғызарлықтай ақаулықтар мен маңызды ескертпелер орын алмады. 

Айта кетерлігі сол, қысқы маусымдағы сындарлы шақтарға арналған мұндай шаралар локомотив бригадаларының біліктілігін шыңдай түсетіні белгілі. 

Соның нәтижесі болар, қазіргі таңда Семей ЖТ бөлімшесі бойынша локомотив айналымының тәуліктік өнімділігі 101,8 пайызға артып отыр. Сол тәрізді елеулі көрсеткіш саналатын локомотивтің орташа тәуліктік жүріс өнімділігі де 102,9 пайызға жоғарылап, бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижелілігін көрсетті. 

Яғни, жыл басындағы жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілді деген сөз. 

Бұл шаралардың сыртында тағы бір үлкен жетістік – бөлімшедегі тораптық жүк станцияларындағы босаған вагондарды жинап алу мен өзге бөлімшелерден қабылданатын пойыздарды діттеген межеге кешіктірмей жеткізіп салу бойынша да өнімді жұмыс бар. Бұл орайда техникалық жоспар бойынша белгіленген жұмыстар артығымен орындалып, 3,62 пайызға артыпты. 

Локомотив шаруашылығындағы мұндай жетістікті шаралар тек машинистерге ғана емес, инженерліктехникалық қызметкерлер үшін де маңызды. Сонымен қатар, пойыз диспетчерлеріне, пойыз құрастырушыларға да қатысты екендігі белгілі. Осы орайда бөлімше басшысы Сиязбек Әлішевтің нұсқамасымен тың шаралар қатары қабылданған еді. Атап айтсақ, жергілікті вагон айналымын ширату, жүк пойыздарының орташа салмағын арттыру және техникалық жылдамдықты жоғарылату мен отынэнергетикалық ресурсты үнемдеу бойынша жұмыс барысы қазіргі күні де өз мәнінде жүргізілуде. 

– Теміржол саласындағы ең жоғары жауапкершілік машинистер мен машинистер көмекшілеріне жүктеледі. 

Сондай-ақ, желі бойындағы салалас өзге де қызметкерлердің ақаулық жібермеулері де назарда ұсталады. Теміржол саласын бірінші кезекте алға сүйрейтін – локомотив. Осыған орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, әр локомотившінің мұқияттылығы, жұмысқа құнттылығы да жіті қадағалауға алынуда. Өткізілген техникалық дәрістер, акциялар, жоспарлы жұмыстар зор нәтиже берді.

Міндет тұтылған шараларға толығымен қол жеткізілді. Сол себептен де, биылғы жылы өнімділік көлемі артып отыр, – дейді бұл орайда пікір білдірген жергілікті локомотив шаруашылығының басшылары.