«Магистраль» грантына конкурс жарияланды

Райхан Рахметова

Райхан Рахметова

«Қазақстан темір жолы» ҰК» А Қ Компанияның басқарма төрағасының атаулы шәкіртақысын және 2020-2021 оқу жылына арналған «Магистраль» бағдарламасы бойынша грант беруге конкурс жариялап отыр. 

«Магистраль» бағдарламасы бойынша грантты алуға Қазақстан Республикасының жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, сондай-ақ ТМД елдерінде оқитын, компания үшін басым мамандықтар, яғни білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын, колледждер үшін кемінде 5 балдық жүйесі кезінде 4 бағалау және жоғары оқу орындары үшін кемінде 3 GPA балы бар еліміздің кез келген азаматтарының құқығы бар. «Магистраль» гранты – бір оқу жылының оқу ақысын жабады. Атап өтерлігі, кандидат мемлекеттік грант иегері болмауы тиіс.

«Магистраль» бағдарламасы бойынша грант алуға келесі санаттағы тұлғалардың құқығы басым екенін ескертер едік.

Бірінші – компания және оның еншілес ұйымдарының мүгедектік алған қызметкерлерінің балалары;

екінші – компания және оның еншілес ұйымдары қызметкерлерінің жетім балалары;

үшінші – мүгедек балалар; одан кейін 3,4,5 класты станцияларында жұмыс істейтін компания және оның еншілес ұйымдары қызметкерлерінің балалары; сондайақ, компания және оның еншілес ұйымдарының апаттардың алдын алған қызметкерлерінің балалары; қала берді жұмыс өтілі 15 жылдан кем емес компания және оның еншілес ұйымдары зейнеткерлерінің балалары. 

Ал Компанияның басқарма төрағасының атаулы шәкіртақысын алуға теміржол бағытындағы мамандықтар, яғни білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын, колледждер үшін кемінде 5 балдық жүйесі кезінде 4,5 бағалау және жоғары оқу орындары үшін кемінде 3 GPA балы бар азаматтардың құқығы бар. Бұл атаулы стипендия да стипендиатқа 1 оқу жылы ішінде төленетін ақша сомасын құрайды. Атаулы стипендияны тағайындау барысында ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысатын студенттерге, халықаралық және республикалық ғылыми конкурстардың жеңімпаздарына, сондай-ақ оқу орнының қоғамдық өміріне белсенді қатысатын студенттерге артықшылық беріледі. Кандидат мемлекеттік грант иегері болмауы тиіс. 

Конкурсқа қатысу үшін тізбеге сәйкес қажетті құжаттарды «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығына жолдау қажет.