Жолаушы пойызына бейнебақылау  керек пе?

Пойыздарында жолаушылардың жеке мүлкі қолды болуының себебі белгілі,  ары-бері сапырылысқан көпшілік, станцияларда түсіп-мінген адам, анау мынау сатып жүрген саудагерлер, тағысын тағы…

 Шымкент станциясындағы  желілік ішкі істер бөлімінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 10 айында аталған мекеменің  кезекші бөліміне 432 ақпарат пен арыз-шағым түсіпті. Оның ішінде қылмыстық құрамы бар болуына байланысты 143 материал «Сотқа дейінгі тергеу бірыңғай тізіліміне» енгізілсе, 94 материалда қылмыс құрамы жоқ болған. Алайда, өзге аумақтарда орын алуына байланысты 56 материал тергелу үшін өзге органдарға жолданған.  

–  Жолаушы заты жоғалса алдымен  жолсерікке шағымданады. Ал вагонға кімнің кіріп-шыққанынан хабарсыз жолсерік не істеді мұндайда? Полицияны шақыртады. Осындай мүліктерін жолаушылардың өзі  қолжетімді жерде қалдыруынан биыл 20-ға жуық ұрлық фактісі тіркелген. Жолаушыны күтіп алу мен шығарып салу үшін вагонға кіретіндері бар.  Ал тәртіп сақшыларына қылмыстың нақты қай жерде, қандай жағдайда болғанын анықтау қиын. Сондықтан, келеңсіздіктің алдын алудың бір жолы қатаң тәртіп енгізіп, бөтен адамды вагонға кіргізбеу дер едім,- деген полиция өкілі  Сәбит Бақтығалиев тәртіп пен тыныштық болуы үшін алдымен Шымкент станциясы мен вокзал аумағындағы ашық тұстарды жабуды ұсынады.   Өйткені жыл басынан бері перронда 5, вокзал ғимаратында 8 рет ұрлық істер орын алып, ұрлаған адам лезде ашық есіктерден қашып үлгерген. Мәселен, Шымкент станциясындағы теміржол ғимараты толық қоршалмаған. «Қазпошта» жақтан  көліктер кіретін аумақ, «Ай» автокөлік жуу төңірегі, ШЧ мекемесінің айналасы  да ашық жатыр.

Сонымен қатар, жолаушы тасыалымен байланысты қызмыстың алдын алу үшін локомотив пайдалану депосымен локомотивтерге және  жолаушы вагондарына да бейнебақылау орнатылса, іс оңға баспақ деп санайды  тәртіп сақшысы. Шығыстықтар мысалы, 4 жолаушы, 10 жүк локомотивтерінің кабиналарына бейнебақылау жүйесін іске қосқан. Осы тәжірибені  Оңтүстікте де қолға алынса, қылмыстың азайып және дер кезінде ашылуына септігін тигізері сөзсіз.

Оның айтуынша, мүлікті ұрлауға  қарсы қылмыстардың деңгейін 2017 жылы 15, 2018 жылы 20 пайызға азайту көзделген.  Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда биыл теміржол аумағындағы ұрлық істер 9 пайызға төмендеген. Жүк тасымалында суыққолдылар арасынан теміржолшылардың да табылуы өкінішті жағдай…   

–  Өткен жылы бес теміржолшы ұрлық үстінде қолға түссе, осы жылы біреуі ұсталды. Биылғы шілдеде  Түлкібас бекетінде  жүк автөкөліктеріне арналған 4 дана аккумулятор ұрланған. Оны аталған станцияның 34 жасар вагон қараушысы қолды еткен.  Күз келіп көмір тасымалы артқалы көмір ұрлау фактісі жиі тіркелуде Дәлелдейтін бейнебақылау жоқ, ұрлықтың болғанын көргенмен, кімнің қашан алып кеткенін анықтау қолды ұстайды. Сондықтан   теміржол аумақтарында «Бұлтты бейне бақылау» жобасын іске асырған  павлодарлықтардан үйренген айып емес.  Сондай-ақ, Батыстық көлік прокуратурасы мен «ӘТЖК» АҚ филиалы бірлесіп теміржол маңында ұрлықты азайту үшін атты патрульдер қойғаны да қылмысты азайтары сөзсіз,- дейді тәртіп сақшысы. 

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки