Мұстафиндер ұстанымы

 

%d0%b8%d0%b7%d0%be%d0%b1%d1%80%d0%b0%d0%b6%d0%b5%d0%bd%d0%b8%d0%b5-260

Теміржолшы – бабадан балаға мирас болып қалатын отбасылық мамандық. Бұл орайда солтүстік Түрксібтің отаны саналатын Семей жол бөлімшесінде әулетімен шойын жол саласында қызмет ететін жанұялар көп әрі ол жайт бүгінде ешкімге таңсық емес.

Алайда солардың арасында бүкіл отбасы мүшелерімен желі бойындағы бір ғана сала – станцияда ғана қызмет ететін отбасылар да бар екен.   Солардың бірі – Мұстафиндер әулеті. Дегелең-Семей телімінің 242,1 шақырымында орын тепкен шағын ғана Известковый станциясында бір ғана жанұяның мүшелері еңбек етеді. Станция бастығы — отағасы Рысқали Мұстафинов  қасына өз балаларын алып, еңбекке баулыпты. Бүгінде станция кезекшілері болып еңбек ететін екі ұлы кәнігі теміржолшылар.

Рысқалы Тілеужанұлы бұл саланың қыр-сырына әбден қаныққан, әсіресе станцияда еңбек етудің ыстық-суығын бір кісідей сезінген, тәжірибесі мол жан. Ал аталмыш станция ашылғалы бері, аттай 15 жыл бойы еш үзіліссіз еңбек етіп келеді.  

-Әке-шешем де желі бойындағы станцияларда ұзақ жылдар бойы қызмет етіп зейнеткерлікке шыққан жандар еді. Станцияға әкемнің ұсынысымен келген едім. Енді міне, қазіргі күні өз ұлдарымның да станцияда жұмыс істеулерін қалап, қасыма алдым. Олардың қатарына күйеубалам да қосылды. Отбасымызбен жұмыла еңбек етеміз. Бір әулеттің адамдары болғасын жанашырлық пен жауапкершілк жоғары әрі тең дәрежеде болуы заңдылық секілді. Сондықтан, істің көзін таппай, ертеңгі күні опык жемеуі үшін  балаларымды өзім баулып, кәсіби тұрғыдан жетілулеріне барынша тырыстым, — дейді отағасы.

  Станция бастығы бұл ата дәстүрдің ендігі аралықта немерелеріне де берілгенін қалайтынын жасырмайды. Сол себепті де, өз немерелерінің станцияға бауыр басқанын қалап, балалардың ойын алаңқайын әзірлепті. Соған сай, мектеп жасындағы немерелері каникулда станцияға келіп, уақыттарын осынау жазық даладағы шағын станцияда өткізеді екен.

    Шағын болғанымен 5-ші класты станцияға жататын Известковыйдың жүгі ауыр. Тәулігіне 12 жұп жүк пойызы өтеді. Міне, қоңыр күздің де екінші айы орталап қалды. Іргедегі Қаражыра кенішінен көмір тиеп алып ағылған ұзын-сонар жылжымалы құрамдар ел Шығысын бетке алып, асығып барады. Ал осы қара алтын тасқынын қабылдап алып, қауіпсіздігін қадағалап жөнелтіп отырған Мұстафиновтар отбасының мүшелерінің басты ұстанымы – ата кәсіпке адалдық. 

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

 

 

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки