Дайындықты шыңдаған жақсы

…Күндізгі сағат 10:20 шамасында «Тассай-Бейнеу» бағытынан келген №2802 жүк пойызы Бейнеу станциясына жеткенде түрлы жүк тиелген соңғы жабық вагонынан түтін шығып, от жалыны байқалды. «Тілсіз жаудың»салдарынан сол маңда жүрген екі вагон қараушының денесін күйік шалды. Енді не істемек керек?

Жуырда Бейнеу станциясында өткен «Теміржол бойында құрамнан өрт туындаған жағдайда жалынға оранған вагонды сөндіру, басқа вагондарға зиянын тигізбеу» атты арнайы тактикалық оқу-жаттығу сценариі осылай өрбіді.

Вагон қараушы Н.Бектілеуовтің хабарлауы бойынша суық хабар алдымен ДСП А.Кисмановқа жетті. Станциядағы төтенше жағдайлар схемасына сәйкес ДСП жедел түрде ДНЦ К.Батыровқа, тораптық АҚ және ТЖ бастығы Е.Хайруллинге хабарлады. Шұғыл әрекет ету жоспары бойынша әрі қарай әкімшілік ТЖ, аудандық ТЖ және барлық қатысты теміржол мекемелері құлақтандырылды. Сағат 10:22 минутта дабыл қағылып, 10:25-те өрт сөндіру пойызын шығаруға ДНЦ К.Батыров бұйрық беріп, пойыз 10:45-те келді. 10:35-те бір жабық вагон №26 тұйық жолға қойылды. Он минуттан соң жабық вагонның артынан өртті сөндіруге өрт сөндіру пойызы қойылды. ЖПБ, АІІБ, ӘТЖК қызметкерлері де жетіп, өз әрекеттеріне кірісті. ШЧ-11 жұмысшылары диспетчер мен станция кезекшісі арасында далалық байланыс орнатты. Уақыт құрылғысының тілі 10:50 минутты көрсеткенде аудандық ТЖ апатты-құтқарушы жасағы да көмекке келді. Барлық апатты-құтқару жұмыстары құтқару жасағымен нұсқама және жасақталған кесте бойынша жүргізілді. Қызыл жалын сағат 11-ден 20 минут өткенде толық ауыздықталды.
– Оқу-жаттығу 2018 жылға жасақталған жоспарға сай аудан әкімдігі және төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе ұйымдастырылды. Мақсат – дайындықты пысықтау. Нәтижесі жақсы. Іс-шараға теміржол мекемелерінен 73 адам, 3 өрт сөндіру машинасы, 1 «жедел жәрдем», су тасу, Газель, Бульдозер, жүк көлігі мен автобус қолданылды, – дейді Бейнеу станциясының бастығы Е.Хайруллин.

Шахида Жұман,
Маңғыстау

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки