Зиянды жұмыс зардабын жоймақ

Ақтөбедегі электрмен жабдықтау дистанциясының басшылығы зиянды өндірісте еңбек ететін жұмысшыларға оның зардабын азайту үшін қажетті  жағдайдың бәрін  жасап отыр.

Дистанцияда  еңбек ететін 250-ге тарта адамның он шақтысы бүгінгі таңда зиянды өндірісте жұмыс істейді деп танылған. Соған орай, оларға жағдай жасалып, қысы-жазы бірдей нормативті құжаттармен бекітілген тиісті сүт өнімдері үздіксіз беріліп келеді.

 — «АзияСпецСнаб» ЖШС-пен сүт жеткізу жөнінде келісімшартқа отырдық. Тауар уақытылы, кесте бойынша жеткізіледі. Жұмысшылар тарапынан ешқашан шағым болған емес», — дейді  әлеуметтік тұрғыда жағдай жасау жөнінде есеп берген  Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясы техникалық бөлімінің басшысы Нұрбек Абдулов.

Сонымен бірге, техникалық бөлім басшысының айтуынша,  есептік мерзімде жұмысшыларды арнайы киім мен арнайы аяқ киіммен қамтамасыз ету  де дер кезінде шешімін тауып келген. Суық өткізбейтін қыс киім, құлақшын, пима, қолғаптан бөлек жылдың жаз мезгілінде киетін мақтадан жасалған костюм, су өткізбейтін плащ, комбинезондар, белгі беретін сигнал-жилеттер, былғары бәтеңке, электрик мамандарға арналған комбинирленген қолғап, т.б. бар, дистанция жұмысшылары жүз пайыз қамтылған.

— Бұлардан бөлек, жеке қорғаныш құралдары да үлестірілді.  Мәселен, көзілдірік, ток өткізбейтін қолғап, токты жер астына тарту жабдықтары, қорғаныш каскасы, белбеу, бағанаға мінуге қажетті қондырғы, дәрігерлік қобдиша, сигнал беретін жалауша, жоғары кернеуді көрсететін белгі, тағысын тағы, тек біздің мамандық иелеріне арналған құралдар бірінші кезекте сатып алынып, үлестірілді, — дейді Нұрбек Абдулов.

Дистанцияда биылғы жылы 18 маман өндіріске қыс мезгілінде алғаш жұмысқа араласып, олардың барлығы да  арнайы оқудан өтіп,  арнайы киімдермен және қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіліпті.  Және оларды өндірістің қауіп-қатеріне үйретіп, жұмыс тәсіліне жаттықтыру үшін тәжірибелі жұмысшыларға бекітіліп берілген.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки