Жаңа моделдің тиімділігі мол

 «ҚТЖ»ҰК»АҚ басшысы Қанат Алпысбаевтың жетекшілігімен Бизнесті трансформациялау бағдарламасына қатысты өткен жиында «Техникалық қызмет көрсету және жөндеуді басқарудың жаңа моделін енгізу» жобасы талқыланды. 

Қазақстан теміржолының Бизнесті трансформациялау бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасына сәйкес осы жылы аталған техникалық қызмет көрсету және жөндеуді басқарудың жаңа моделі «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ және «Жолаушылар тасымалы» АҚ активтерінде енгізіле бастады. Жоба активтердің құрылуы немесе қолданылуынан бастап пайдаланудан шығып қалғанға дейінгі аралықты қамтитын барлық өмірлік циклдарында тиімді басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін өндірістік активтерді басқарудың бірыңғай жүйесін құру және енгізуге бағытталған.

–Енгізіліп жатқан жобаның негізгі мақсаты активтерді жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді тиімді басқаруды арттыру, өндірістілік, сенімділік және қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне жету болып табылады, –деп атап өтті Қанат Алпысбаев.

Кездесу аясында жобаның мақсаттары мен міндеттері, оны жүзеге асыру перспективалары, сонымен бірге оны компанияның әрбір филиалына енгізудің        ағымдағы статусы туралы талқыланды. Жобаны тиімді жүзеге асыру үшін мамандар активтерді басқару бойынша үздік әлемдік тәжірибелер, сонымен қатар активтерді басқару жүйесінде құзыретті жетекші әлемдік компаниялардың ұсыныстарын зерттеді. Жоба кеңесшілерінің сөзіне қарағанда, активтердің жағдайы туралы ақпарат жаңа модельде тәуекелдер талданып, қабыл алмаулар болжанатын бірыңғай мониторинг жүйесіне жиналатын болады.

–Алдын ала есептеулер бойынша жоба тиімділігі 2021 жылға дейін 14 млрд теңгеге жетеді. Бұл өндірістік активтер портфелін оңтайландыру, өнімсіз шығындарды азайту, сондай-ақ активтерден бас тарту мен оларды пайдалану кезіндегі компоненттерін азайтудың арқасында мүмкін болады, – деді өзі сөзінде Техникалық саясат және реттеу департаментінің бас менеджері Қанат Іздібаев. Кездесу соңында Қанат Алпысбаев Ұлттық компанияның құрылымдық бөлімшелері басшыларына жобаның жергілікті жерлерде жүзеге асырылуына қажеттіні жасап, жобаны енгізу аясында қойылған міндеттерді жедел шешуге тапсырма берді.

Мадина ТҰРҒҰМБАЕВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки