Ата-аналар алғысы

Әлем назарын Қазақстанға аударған  «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі де міне, мәреге жетті. «Көрген де арманда, көрмеген де арманда болған айтулы шараға  бүкіл Қазақстаннан елорадаға ағылған халық үш ай бойы бір тынған жоқ.

Қосымша пойыздар мен вагондар шығарып, халықтың Астанаға сапарын ұйымдастырған ҚТЖ өз адамдарын да ұмытқан жоқ. Теміржолшылармен қатар әр облыстан жергілікті бөлімшелердің ұйымдастыруымен балалар да Астана көріп, ЭКСО тамашалап қайтты.  

    «ҚТЖ- Жүк тасымалы» филиалы Атырау бөлімшесі қолдауымен көп балалы, аз қамтылған отбасы балалары, және оқуда, спортта жетістікке жеткен 32 баланың саяхаты тамыз айының соңында ұйымдастырылды.Осы топтың ішінде Мақат локомотив пайдалану депосы жұмысшыларының мектеп жасынжағы спорттан жүлделі орындар иеленген 2 бала мен білім бәйгесінде  озат атанған 3 оқушы  барып қайтты. Балалар екі күн бойы Астананың армансыз аралап, ЭКСПО көрмесінде Қазақстан және шетел павилондарын аралап, «Байтерек» монументінен бастап музейлерді тамашалап, елге зор әсермен оралды. Осыған орай мақаттық ата-аналар балаларына осында  естен кетпес әсерлі саяхат ұйымдастырған  басшылығына, «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің «ҚТЖ- жүк тасымалы» филиалы төрағасы Ермек Төлегеновке шексіз алғыстарын білдіреді.  

Бақтыбай Қалдыбаев ,  Мақат локомотив пайдалану депосының кәсіподақ цехы комитеті төрағасы     

                                                     

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки