Жүк пойыздары да кестемен жүреді

Қандыағаш станциясы көрсеткішті алдыңғы жылдардан әлдеқайда жақсартты. Алайда, Құрылымдық өзгерістерге байланысты станция жыл сайын сұрыптау станциялары арасында өтетін салалық байқауға қатыса алмайтын болған.

Соңғы жылдары модернизацияланған дөңес паркінің жұмысы да ойдағыдай жүріп кетті. Бейнеу – Жезқазған арасына жол төселгелі жаңа бағытқа пойыздар сұрыптала бастапты.

–Жезқазғанға тәулігіне бір пойыз жиналады. Жүк жан-жақтан жеткізіледі. Жаңа тармақ бойынша бір пойыз құрамын күнделікті жөнелтіп отырамыз, — дейді Нұрибай Сәрсенов.

Станция басшысының айтуынша, өткен жылдармен салыстырғанда пойыз саны да көбейіп отыр. Бүгінде жолаушылар пойыздарының қозғалысына қатысты айлық өтіп жатыр.

–Жалпы, жолаушылар пойыздарының қозғалысына қатты көңіл бөлініп, осы бағыттағы жұмыстар күшейтілуде. Қандыағаш станциясы бойынша кемшілік жоқ. Дегенмен, айлық шара аясында барлық жолаушылар пойыздарының қозғалысына, олардың қалыпты жүруіне айырықша мән беріліп жатыр. Көлік саласына жауапты тәртіп сақшылары да атсалысып келеді,- дейді станция басшысы.

Станцияда санитарлық тазалық айлығы да қатар қолға алынған. Аты айтып тұрғандай, бұл уақыт аралығында қар кетіп, жер қарая бастағанда, айналаны тазарту жұмыстарына, жалпы, станция нысандарында да бірқатар шараларға мән берілмек.

–Соңғы уақытта енгізілген жаңашылдықтардың бірі – жүк пойыздарының да уақытпен қозғалуы. Мәселен, бұрын пойыз құрамы жасақталға жолға шығаратынбыз. Бүгінде басым бөлігі нақты уақытпен жүретін болды. Жүзге шаққанда сексен пайызы белгіленген уақытта жолға шығады. Машинистер де, станция қызметкерлері де нақты уақытқа дағдыланды, — дейді Нұрибай Сәрсенов.

Таяу уақытта Қандыағаш станциясының қапталымен «Орал — Астана» бағытындағы «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы өткелі жатыр. Ол пойыз Ақтөбеден келе жатып Қандыағашты жанап өтіп, Никельтау станциясына бір-ақ тоқтайды.

Асқар Ақтілеу, Қандыағаш

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки