Питер Штурм даму стратегиясын таныстырды

Өткен аптада «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Питер Штурм Бас редакторлар клубымен болған онлайн кездесуде жолаушыларға сервистік қызмет көрсетуді жақсарту жөніндегі компанияның даму стратегиясын таныстырды. 

Әңгіме барысында Штурм компания ішіндегі бизнес-процестерді жетілдіру мен клиентке бағдарлану жөніндегі өз жоспарларымен бөлісті. 

Қазіргі таңда Ұлттық тасымалдаушы Deutsche Bahn менеджерлер командасымен бірге өзгерістерді басқару мен жолаушылар үшін көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, операция, маркетинг пен сатылым тиімділігі, жолаушылар жылжымалы құрамын дамыту жөніндегі жобаларды жүзеге асыруда. 

Сондай-ақ, Бас директор жолаушыларға сервистік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту үшін жақын уақытта компания алдында ішкі коммуникацияларды құру және ІТ-технологияларды өндіріс процесіне енгізу жөнінде үлкен жұмыстар істеу қажеттігін айтып берді. 

Шара соңында Штурм мырза Бас  редакторлар клубының басшысы Бибігүл Жексенбайға және онлайн кездесу қатысушыларына осындай ашық диалог өткізгендері үшін алғысын білдірді: 

 – Аталған кездесу компаниядағы орын алып жатқан процестерді жанжақты түсіндіруге мүмкіндік берді, Үкіметтік емес ұйымдармен өткен осындай кездесулер қоғаммен диалог орнатуға көмектеседі, сондайақ компанияның даму стратегиясын тиімді жүзеге асыруға ықпал ететін болады, – деді ол. 

Айта кетейік, Ұлттық тасымалдаушы «Жолаушы тасымалы» компаниясы өткен жылдан бері оң өзгерістер мен сервисті дамыту жолында талай игі істерді қолға алуда. Барлық жолаушылар пойыздарының төсек орындары жаңа стандартқа сай жаңартылып, ең алдымен тазалыққа ден қоюда. 

Әсіресе, бүгінгідей пандемиялық індет кезінде вагондардағы тазалық пен вирусқа қарсы қауіпсіздік қатаң сақталуы «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығының басты назарында тұр.