«Тегін саябақ» тарту етті

Сулугуль Бакесова

Сулугуль Бакесова

Қоршаған ортаны көгалдандыру – баршаға ортақ іс. Экологияны жақсартуда қаншама жарқын жобаларға ұйытқы болып жүрген теміржолшылар көп. 

Мысалы, «Қамқор локомотив» ЖШС Сексеуіл локомотив жөндеу депосының ұжымы кенттегі №231 орта мектеп ауласына 600 түп үйеңкі талын екті. Депо директоры Мұхтар Кеулімжаев аталған шара «Қамқор Park» акциясы аясында жүргізіліп отырғанын жеткізді. Мақсат – әрине, ең алдымен табиғатты аялау, экологияны жақсарту, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау, жұртшылықты салауаттылыққа үндеп, жасыл желекпен көмкерілген табиғат аясында тыныстауды жолға қою. Негізінен, бұл акция әр жыл сайын жалғасын тауып, ұрпақтың экологиялық таза ауада өмір сүруіне жанжақты мүмкіндіктер жасалуда. 

Депо директоры «Қамқор Менеджмент» ЖШС тобы атынан «Тегін саябақ» сертификатын №231 орта мектеп директорына салтанатты түрде арнайы табыс етті. Өз кезегінде мектеп директоры Серік Жұмалиев теміржолшылардың қоршаған ортаны жасыл желекке айналдыруға негізделген бастамаларына шынайы ризашылығын білдірді.