Сұйытылған табиғи газ тепловозда қолданылады

Сулугуль Бакесова

Сулугуль Бакесова

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев пен «КазТранс- Газ» АҚ-ның еншілес ұйымы «КазТрансГаз Өнімдері» ЖШС-нің бас директоры Алик Аширов газодизельді қозғалтқыштары бар тепловоздарға сұйытылған табиғи газды қолдану саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды. 

Құжатқа қол қоярда ел Үкіметінің 2018 жылдың 29 қарашасындағы №797 Қаулысымен бекітілген «2019-2022 жылдарға арналған моторлық отын ретінде табиғи газды пайдалануды кеңейту бойынша шаралар Жоспары» назарға алынған. Келісім дизельді қозғалтқыштары бар тепловоздарда сұйытылған табиғи газды қолдану жөніндегі жүйелерді енгізу жоспарын әзірлеуге және іске асыруға, сондай-ақ, аталған отын түріне сынақ жүргізуге және жеткізу орындарын айқындауға бағытталған шаралар кешенін қамтиды. Осы ретте, келісімді жүзеге асыру шеңберінде өзара ақпарат, ұсыныстар, идеялар мен пікірлер алмасу үшін жұмыс тобы құрылып отырғанын атар едік.

Ұлттық компанияның бас инженері Батыр Котырев «ҚТЖ» ҰК» АҚ өз қызметінде озық технологияларды қолдана отырып, әрдайым уақыт талабына сай әрекет ететінін және де осы бағытта тек сенімді серіктестермен ынтымақтастық орнататынын атап өтті. 

– Сұйытылған газ, бұл үнемді, ең бастысы экологиялық таза отын және оны тепловоздарда қолдану тек оң нәтиже көрсетуі керек. Сұйытылған табиғи газды отын ретінде қолдану теміржол көлігінде технологиялық және экономикалық тиімділікті арттырудың жаңа кезеңі болып табылады. Аталған отын түрін қолдана отырып, технологияларды енгізу зиянды заттардың атмосфераға шығарылуын 40%-ке дейін азайтып, отынды пайдалануға кететін шығындарды 30%-ке дейін төмендетеді. Бұл жобаның техникалықэкономикалық бағамын жүргізу үшін және инженерлік-техникалық міндеттер кешенінің шешімін табу үшін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ғылыми-зерттеу ұйымдары тартылып отыр. Бұл жұмыстардың қорытындылары бойынша ел теміржолдарында технологияларды қолдану мүмкіндігіне кешенді баға берілетін болады, – деді Батыр Котырев. 

Өз кезегінде, «КазТрансГаз Өнімдері» ЖШС-нің бас директоры Алик Аширов, «ҚазТрансГаз» АҚ-ның еліміздің көлік секторын жаңғырту және оны дизель отынынан табиғи газға ауыстыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіп жатқанынан хабардар етті. 

Мәселен, бүгінгі таңда Алматы, Талдықорған, Шымкент, Түркістан, Тараз, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау қалаларының әкімдіктерімен муниципалдық техника мен әлеуметтік автобус парктерін экологиялық отынға ауыстыру туралы ынтымақтастық туралы келісімдер де жасалып қойған. 

Бұдан басқа, еліміздің негізгі автомагистральдарында автомобильдік газ толтыру компрессорлық танцияларының желісін, криогенді автомобильге май құю станцияларын кеңейту бойынша жобалар қолға алынып, аз тонналы зауыттарда сұйытылған табиғи газды өндіру бойынша инновациялық жобалар бастамашылық етіліп, іске асырылуда екен.