Халықаралық «Магистраль» сарапшы-форумына қатысты

Райхан Рахметова

Райхан Рахметова

«KTZ-Express» АҚ онлайн-форматында өткен халықаралық «Магистраль» сарапшы-форумына қатысты. Ол «Жүк айналма жолмен кетті: Қазақстанға қалай транзитті жүк ағынын жібермеу керек?» деген өзекті тақырыпқа арналды. 

Бұл шара осындай өзекті тақырып пен сұрақтарды және де қазақстандық маршруттардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қабылданған шаралар мен нақты бағаны талқылау үшін халықаралық сарапшылардың басын біріктірді. «KTZ-Express» АҚ бас директоры Дмитрий Абдуллаев өз сөзінде форум қатысушыларын компанияның жұмыс принципімен және сервистерімен егжей-тегжейлі таныстырып өтті, сондай-ақ, ол Қырғызстан арқылы өтетін бағдармен салыстырғанда, қазақстандық бағдардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау кезінде басымдыққа ие бірқатар маңызды факторларды атап өтті. 

Дмитрий Абдуллаев өз баяндамасы барысында қазақстандық бағдарларға қосымша жүктерді тарту және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы контейнерлік пойыздардың орташа жылдамдығының жоғарылауына қол жеткізгенін, яғни бүгінде аталған жылдамдық тәулігіне 1167 шақырымды құрайтынын жеткізді.

Бұл ТМД елдері, Азия және Еуропа арасындағы барлық көлік дәліздері бойынша сұранысты ынталандыра түседі. Бұдан бөлек, компанияда клиенттің ыңғайына қарай орайластырылған 150-ден астам жеке тарифтік шешім қабылданған, сондай-ақ, жаңа бағдарларды құру бағытында тұрақты жұмыс жүргізіліп, жол үстінде жүктің жүз пайыздық қауіпсіздігі қамтамасыз етілген.

Шара барысында KTZ Express компаниясы тарапынан көліктіклогистикалық қызметтердің толық спектрі ұсынылып отырғаны да айтылды. Сонымен қатар компания Қазақстан арқылы өтетін бағдарларда клиенттермен өзараәрекет етуді және кешенді сервисті қамтамасыз ете отырып, жүк ағынын қабылдау үшін және қызмет ету үшін қолайлы жағдайлар жасап келеді.