Үздік ауысым анықталды

Райхан Рахметова

Райхан Рахметова

Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінде «Бірыңғай дичпетчерлік басқару орталығы» үздік ауысым атағы үшін осы жылдың бірінші жартыжылдығының жарыс қорытындысы шығарылды.

Диспетчерлік ауысымдар арасында мейлінше үздік көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін бөлімше бойынша кезекші Евгений Логинов жетекшілік ететін ауысым бірінші орынды иеленді.

Тәжірибе, біліктілік және практикалық білім осы ауысымның жеңіп шығып, үздік деп танылуына септігін тигізді. Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің шұғыл-басқару бөлімінің бастығы Расул Боратаев атап өткендей, әрбір жоғары көрсеткіш – бұл ұйымдасқан және командалық жұмыс нәтижесі.

– Жұмысты бағалау критерийі өзгерген жоқ. Логинов ауысымы өздеріне сенімді жұмыс істеді. Соның арқасында олар пойыздардың қозғалыс кестесін, нормативтерін орындауда үздік көрсеткіштерге қол жеткізді, – деп атап өтті бөлім бастығы.

Бірінші жартыжылдықтың жұмыс қорытындысы бойынша үздік ауысым 33 балл жинады. Жеңімпаздар жүк пойыздарының қозғалыс кестесінің, пойыздар қозғалысының орташа учаскелік жылдамдығы бойынша тапсырманың, ауысымдық-тәуліктік жоспардың, яғни жүк тиелімі, түсірілімі, вагондарды қабылдап-тапсыру және тағы басқа көрсеткіштердің орындалу деңгейі арқылы анықталды.