Пойыздар кідірісіне не себеп?

Жансая Сыдыкбаева

Жансая Сыдыкбаева

Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің жол бөлімі ұсынған мәліметке сенсек, жыл басынан бері 841 пойыздың кешігу оқиғасы тіркелген. Соның ішінде НЖС-9 бойынша 323 пойыз анықталды.

Жалпы санына келсек, 264 – жолаушылар, 54 – жүк, 5 – қала маңы пойыздары құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырып қарағанда, Шымкент магистральдық желі бөлімшесі бойынша пойыздардың кідіру оқиғасы 105-ке ұлғайған.

НОД-тың кінәсінен 518 пойыз кешіктірілген. Мұның себебін мамандар өндіріске заманауи МДК вагондарының енгізілуімен байланысты болып отыр деп түсіндіреді. МДК – жаңа технологиямен жабдықталған мобильді диагностикалық кешен.

Жолдарды тексергенде нормадан тыс ауытқулар саны көбейіп кеткендіктен, жылдамдықты шектеуге тура келген. Салдарынан пойыздардың тоқтап қалуы жиілей түскен. Сонымен қатар, жол дистанцияларында пойыздар ұзақ мерзімді қолданыста себепті ескертулердің, толаскезде жасалатын жұмыстар мен рельс шынжырларының зақымдануынан, жолға адам мен малдың шығып қалуынан да жиі кідіріп, тұрып қалатыны жасырын емес. Наурыз-сәуір айларында жолдарды жөндеу үшін РМ, Дуомат, ПРБ, ПРСМ ауыр типті машиналары келіп жұмыс істеген. Сол кезде де пойыздар кідірісі орын алған.

Белгі беру-байланыс дистанциялары бойынша да бағыттамалардың, рельс тізбегінің жөндеуге келмеуі, аккумуляторлардың қолды болуынан және т.б. себептермен кешіккен пойыздар да жоқ емес. Таратып айтсақ, ПЧ-53 бойынша – 288 пойыз, ПЧ-54 – 22 пойыз, ШЧ-37 – 1 пойыз, ШЧ38 – 8 пойыз, ЭЧ-24 – 4 пойыздың түрлі жағдайлармен кешігуіне себепкер болған.