Шымкентте пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі бойынша 2 бұзушылық болды

Жансая Сыдыкбаева

Жансая Сыдыкбаева

Жыл басынан бері бес айдың ішінде Шымкент магистральдық желі бөлімшесінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі бойынша 2 бұзушылық орын алған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда анағұрлым аз, былтыр 6 жағдай тіркелген екен.

Аталған екі оқиғаның бірі Манкент станциясында болған. Мұнда «НДП» бағыттамасыз учаскенің ток жүретін ішіндегі оқшаулайтын түйіспеде металдың сынғаны анықталған.

Екіншісі, Шымкент-Қорғасын өткеліндегі №2511 пойыз сағатына 30 км жылдамдықпен келе жатып, жолда адам басып кеткен. 1961 жылғы ер адам жолға масаң күйде шығып, опат болды.

Жалпы, Шымкент магистральдық желі бөлімшесіне қарасты екі дистанция бар.

Олар – ПЧ-53 Шымкент пен ПЧ-54 Арыс. Қолданыстағы жолдың ұзындығы – 466,3 км. Оның екі жолды учаскесі 365,7 км, бір жолды учаскесі – 100, 6 км. Жалпы, станция жолдарының қашықтығы – 380,5 км, бағыттама бұрмалардың саны – 1333 дана.

Түйіспесіз жолдардың ұзындығы – 695,17 км. НЖС-9 бойынша құрылғылардың істен шыққан 24 жағдайы тіркелді. Атап айтқанда, жол шаруашылығы құрылғылары – 9, бұрма бағыттамалардың істен шығуы – 2, РЦ түзетілмеуі, т.б. Ал ШЧ шаруашылығы бойынша құрылғылардың жұмысында 11 рет істен шығу орын алды. Мұнда кәдімгі көрсетілген нұсқаулықтар мен күнделікті шешімдер орындалмаған.

Сонымен қатар, құрылғылардың 6 ескіру жағдайы, басқа да 4 түрлі жағдай тіркелген. ЭЧ шаруашылығы бойынша да құрылғылардың 4 істен шығуы болды.

Олар байланыс желісі құрылғысы және тіректі тартымдық қосалқы станция, энергетикалық құрылғылар мен басқа да техникалық себептер кінаратынан орын алған.

Шымкент жол дистанциясында 2 жағдай тіркеліп, мұнда бағыттама бұрмалар істен шыққан. Кінәрат қайдан десек, Түлкібас-Шымкент учаскесіндегі Ынтымақ станциясында №16/18 бағыттама бұрмалар «Алматы-Атырау» пойызын кері бағытқа жібере алмай қалып, пойыз Ынтымақ станциясында тұрып қалған.

Себебі №16 бұрмада 9-8 башмактың арасына тас тұрып қалыпты. Ал Састөбе станциясында басты жолдан пойызды жіберер кезде №7 бағыттама башмактардың майланбағаны себеп болған.

Арыс жол дистанциясында Жылға-Дарбаза өткеліндегі жұп жолда 3327 км 3 пикетте толаскез барысында теңестіргіш рельстерді ауыстырар кезде рельс сәйкес келмегендіктен жұмыс бір сағатқа созылған. Рельсті ПЧ-54 жұмысшыларының дұрыс ауыстырмауы салдарынан №2026, №1492 пойыздар кешіккен.