Қазақстан үшінші елдерге шығу мәселесін қарастырып жатыр

Сулугуль Бакесова

Сулугуль Бакесова

Үстіміздегі жылдың 10 маусымында «KTZ Express» сервистері пандемия жағдайында және ол аяқталғаннан кейін бизнесті дамытудың жаңа мүмкіндіктеріне арналған Ісшараны «Атамекен» ҰКП мен Гонконг саудасын дамыту жөніндегі кеңес онлайн-вебинарда ұйымдастырды.

Онлайн-шараға қатысушылар бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер, Гонконг саудасын дамыту жөніндегі кеңес қолдайтын бағдарламалар туралы біліп, сондай-ақ пандемия кезеңіндегі экономикалық жағдай туралы ақпарат алды.

Семинар спикерлері арасында Орталық Азия сауда үйінің бас директоры Әлішер Махмудов сөз сөйледі. Ол Қазақстан мен Өзбекстанның ұлттық компаниялары құрған сауда үйі бірнеше жыл бойы «KTZ Express» АҚ-мен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеудің артықшылықтарына лайықты баға бергенін жеткізді.

– KTZ Express-тің тез бұзылатын жүктерді тасымалдау үшін климаттық режимі бар мамандандырылған контейнерлердің жеке паркімен жұмыс істейтіні өте маңызды. Біз үшінші елдерге шығу мәселесін қарастырып жатырмыз және KTZ Express мұндай мүмкіндікті бізге қамтамасыз ете алады, өйткені компания бүкіл әлем бойынша сапалы тасымалдарды ұйымдастырумен қатар олардың тарифтері ең тиімді болып отыр, – деді ол.

Әлішер Махмудов қазақстандық компания тарапынан арнайы вагон-рефрижераторлар — 45 футтық контейнерлер бөлінгенін, олардың әрқайсысына 27 тоннаға дейін жеміс-көкөніс өнімдерін тиеуге болатынын атап өтті. Қажетті температура режимінде олар 20 күнге дейін автономды жұмыс істей алады екен.