Маңғыстаудың мақтанышы болды

Шахида Жуманова

Шахида Жуманова

 Оның ғұмыры торқалы тоқсан жасын тойлауға қысқалық етсе де, есімі ұрпағымен мәңгі жасай бермек. Биыл күллі Маңғыстаудың мақтанышы болған III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің, «Еңбек ардагері» медалінің, «Құрметті теміржолшы» төсбелгісінің иегері, теміржолшылар династиясының негізін салушы Хаятулла Қашқынбаевтың туғанына 90 жыл толып отыр.

Бүгінде Маңғыстаудағы Мұнайлы ауданының мемлекеттік архивінің қорында 14 адамның жеке деректері бар.

Соның ішінде теміржолшы Х.Қашқынбаев бар. Архив директоры Тұрсын Тәшенованың сөзінше, даңқты теміржолшы Х.Қашқынбаевтың туған күніне арналған көрме өткізу және оқушыларға арналған экскурсия жоспарланған. Х.Қашқынбаев 1927 жылы Маңғыстау түбегінде туылып, 1932-1933 ашаршылық жылдары жан бағу қамымен ата-анасымен Түркіменстанға қоныс аударыпты.

Ұлы Отан соғысы жылдары жасөспірім шағында еңбекке араласып, 1944-45 жылдарда Ашхабад теміржолында жұмыс жасайды.

Тарихи Отанына оралып, алдымен Алматыға қоныс аударады. 1959-1961 жылдары Алматы теміржолына қарасты Отар станциясында механик болса, 1961-1965 жылдары Шамалған станция сында еңбек етеді. 1965 жылдың тамыз айында теміржол жаңадан ашылып жатқан кіндік қаны тамған Маңғыстауға оралып, Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясының іргетасын қаласқан, тұңғыш кәсіби маман, электромеханик еді.

Содан кейінгі жылдары Жетібай – Өзен темір жолында аға механик, Маңғыстау станциясындағы белгі беру және байланыс бөлімшесінде байланыс диспетчері болды.

Отыз жылға жуық табан аудармай жұмыс жасап, 1987 жылы зейнеткерлікке шыққасын да бірнеше жыл өз еркімен жұмыста қалады. Осылайша өзіне берілген өлшеулі уақыттың 40 жылдан астамын темір жолға сарп еткен ардагер бірнеше үкіметті марапаттардан бөлек, «Құрметті теміржолшы» атанады.

Ол кезде саланың бұл кәсіби атағына екінің бірінің қолы жетпейтін. Хаятулла Қашқынбаев жұбайы Карадже Бекетае