"Қазақстан теміржолшысы" газеті редакциясының жұмысы бір аптаға тоқтатылады

Коронавирус инфекциясының таралуын шектеу мақсатында Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы барлық кәсіпорындар мен ұйымдар қызметін олардың меншік түріне қарамастан осы жылы 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында тоқтату туралы шешімді бекітті.

Осыған байланысты "Қазақстан теміржолшысы" республикалық газеті редакциясының жұмысы бір аптаға тоқтатылады, 31.03.2020 ж мен 03.04.2020 ж аралығында шығатын екі газет номері карантиндік шектеу алынып тасталғанға дейін басқа күндері шығарылатын болады.

Газет редакциясы уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және оқырмандарды коронавирус инфекциясының таралуы бойынша алдын алу жөніндегі барлық шараларды сақтауға шақырады.