Түркістан қақпасы түрленуде

Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы болып бекітілген Түркістан қаласы жаңа статусына сай күн өткен сайын түрленіп, түлеп жатыр. Бұл ежелгі тарихи қаланың бас қақпасы темір жол вокзалына да қатысты.

Түркістан вокзалының қалаға шығаберісіндегі ескі аллеяда абаттандыру жұмыстары басталып, алаңға өрнекті қыштастар төселіп жатыр. Жарық көздері, декоративті шамдар орнатылып, орындықтар қойылып, қоқыс жәшіктері орнатылмақ. Сонымен қатар алаңға сән беретін кіші архитектуралық пішіндер қою да жоспарланып отыр екен.

Оған қоса аллея ішінен су ұңғымасы қазылып, декоративті ағаш көшеттері отырғызылатын болады, шым төсеу де көзделуде.

Болашақта ғасырдан астам тарихы бар теміржол вокзалы ғимаратының іші-сырты да архитектуралық кескін-келбеті сақтала отырып заман талабына сай әрленіп, жөнделеді деп күтілуде. Вокзал ішінде Түркістан қаласына сырттан келетін туристер үшін ақпарат алу бекеті (ресепшн) сынды жүйелер қою да қарастырылуда екен. Күрделі жөндеуден өткен аллея Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.