Нұр-Сұлтанда қауіпті вирустан сақтануға арналған семинар өтті

Қазіргі заманғы белсенді көші-қон, туризм, сауда және басқа да жағдайларда Хубей провинциясының Ухань қаласындағы (Қытай) коронавирустың жаңа түрінен (2019nCoV) туындаған коронавирустық инфекцияның өршуі әлем елдерінің алаңдаушылығын тудырып отыр.

Осыған орай, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 6 қаңтардағы №1-ПГВр «Қазақстан Республикасының аумағына этиологиясы белгісіз пневмонияның әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша санитариялық эпидемияға қарсы және санитариялықпрофилактикалық іс-шараларды күшейту туралы» қаулысының негізінде Нұр-Сұлтан қаласының теміржол вокзалдарының қызметкерлерімен қауіпті вирустан сақтануға арналған семинар өткізді. Семинар барысында мамандар вокзал қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, қауіпті инфекцияның алдын алу бойынша санитарлық бюллетеньдер таратылды.

Сондай-ақ, вокзалдарда LED-экрандарда коронавирустық инфекция туралы көрнекі ақпарат тәулік бойы көрсетіліп жатыр.