Соғыс ардагеріне құрмет

Сабырхан Надирбаев

Сабырхан Надирбаев

Сыр бойы теміржолшылары соғыс ардагері Любовь Колесникті жаңа жылмен құттықтап барды.

– Біздің мекеме есебіндегі ардагерлердің, оның ішінде қазіргі таңда жалғыз өзі тұратын соғыс ардагері Любовь Сергеевнаның отбасында болып оның жағдайын біліп тұру біздің ұжым теміржолшыларының азаматтық борышына айналған. Бүгін біз жол мекемесі мен кәсіподақ ұйымы атынан ардагерді құттықтап келіп, жаңа жылдық сыйлық тарту еттік. Аяз ата болып киініп алған теміржолшы азаматымыздың әзіл-қалжыңына қарияның көңілі көтеріліп, бір марқайып қалды. Кейуана бізге батасын беріп, жер бетінде тек бейбітшілік болуын тілейтінін жеткізді, – дейді кәсіподақ ұйымы төрайымы Ғалия Ноғайбаева.