Қайырымдылық – теміржолшылар ұстанымы

Ардақ Ерубаева

Ардақ Ерубаева

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында облыстың әлеуметтікэкономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі үшін Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің басшысы Бөріхан Беркімбаев «Nur Otan» партиясының медалімен марапатталды.

Облыста теміржолшылардың беделі жоғары. Қай істе де қоғамдық шаралардан тыс қалмай, алдыңғы қатардан көрінетін теміржолшылар басшылығымен талай жобаның тұсауы кесілгені де шындық. 2019 жылы Бөріхан Сматуллаұлының бастамасымен теміржолда «Жақсылық жолымен» әлеуметтік акциясы басталып, мүгедек балалары бар теміржол саласының қызметкеріне көмек көрсету жыл бойы жалғасқан. Олар қайырымдылық жұмыстарын тек теміржол мекемесі төңірегінде шектелмей, қаладағы бірқатар тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсеткен. Көпбалалы аналардың батасын алды. Ақтөбе облыстық мәслихатының III, V, VI шақырылым депутаты саналатын аймақтың бас теміржолшысына қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін алғыс айтылды. Өз кезегінде партия марапаты үшін алғысын білдірген Бөріхан Сматуллаұлы «Қайырымдылық – қашан да теміржолшылар ұстанымы» екенін жеткізді. Сонымен қатар, «Қамқор Вагон» ЖШС Шалқар вагон жөндеу депосының цех шебері Шолпан Садақбаева, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Ақтөбе аймақтық филиалының жолсерігі Мұрат Төребеков Құрмет грамотасымен марапатталды.