Қауіпсіздік мамандары біліктілік арттыруда

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚның Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің мамандары «Теміржол көлігінің магистральдық желілеріндегі қозғалыс қауіпсіздігі» тақырыбы бойынша біліктіліктерін арттыру курстарынан өтуде.

Біліктілікті арттыру – бұл сайып келгенде мамандыққа қойылатын талаптарды арттыруға қатысты білімді, шеберлікті және дағдыларды жетілдіру мақсатында кадрларды даярлау болмақ. Ал ол теміржол көлігі қызметкерлері үшін қаншалықты өзекті екені айтпаса да түсінікті.

Курсқа қатысушылар қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу себептерін, қазіргі заманғы қауіпқатерлерді анықтау әдістерін, оларды жою тәсілдерін талдап, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін техникалық және ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз етуді, пойыз және маневрлік жұмыстағы қауіпсіздік бұзушылықтарын жіктеуді қарастыруда.

Ал дәріс берушілер, өз кезегінде әр сабақтың мазмұнды да маңызды өтуіне мән беріп, ТМД елдеріндегі қозғалыс қауіпсіздігі саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар, Ресей Федерациясы теміржолшыларының тәжірибесі мен дағдылары туралы мысал келтіріп, қажетті ақпараттармен қамтамасыз етуде.

Қауіпсіздік курсы барысында, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық және техникалық құжаттарға, атап айтқанда, Темір жолдарды техникалық пайдалану ережелеріне (ТПЕ) айрықша назар аударылды. Техникалық пайдалану ережелерін терең білу және оларды қатаң сақтау – әрбір теміржолшының міндеті. Тәжірибе көрсеткендей, темір жол көлігіндегі негізгі ереже бұзушылықтар көбінесе адам факторына байланысты болып отыр.

Сонымен қатар локомотив және вагон шаруашылығы имараттарының техникалық пайдалану мәселелері егжейтегжейлі қаралды. Әсіресе, апатты және стандартты емес жағдайларда қызметкерлердің әрекет ету тәртібіне ерекше назар аударылды.