Теміржолшылар мерейі үстем болды

Сабырхан Надирбаев

Сабырхан Надирбаев

Қызылордалық теміржолшылар пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау сынды кәсіби міндетін мінсіз атқарумен қатар, аймақ бойынша өткізілетін қоғамдық-көпшілік, мәдени шараларда да белсенділіктерімен танылуы дәстүрге айналған.

Елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтікэкономикалық даму бағдарламаларына тұрақты араласып, өзіндік үнімен танылып отырған теміржолшылардың мерейі тағы да үстем болды. Жуырда «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдарының жұмысын жандандыру мақсатында өткен облыстық семинар кеңестің пленарлық отырысында үздіктер анықталды. Әрине, олардың алдыңғы қатарында теміржолшылардың аты аталып, құрмет пен сый-сияпатқа кенелді.

Сонымен 250-ге жуық ұйым арасынан озық шығып, марапатқа ие болған ұжымдарды атасақ, «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының екінші кезеңіне сәйкес ІІ санат бойынша 1-орынға Қызылорда «Теміржол» партия филиалының «Вокзал-сервис» БПҰ ие болса, ІІ санат бойынша 3-орынды «Жол дистанциясы» БПҰ жеңіп алды. «ВокзалСервис» бастауыш партия ұйымы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін байқауға жолдама алды. 

Еске сала кетсек, 2015-2018 жылдар аралығында өткен байқауда облыс бойынша 4 жыл қатарынан 1-ші және 2-ші, 3-орындарды теміржолшылар иемденген болатын. Міне, бұл аймақ теміржолшыларының еңбекте ғана алда емес, қоғамдық-саяси сауатты және белсенді екенін де білдіреді.