Әлем қызығушылығын тудырды

Қытайдың Шанхай қаласында CIIE-2019 әлемдік ірі көрме алаңында Қазақстанның транзиттік әлеуетінің таныстырылымы болып өтті.

2-ші Қытай халықаралық импорт көрмесіне «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының компаниялар тобындағы логистикалық блок құрамындағы «КТZ Express» АҚ да қатысуда. Ауқымды шараға сонымен қатар 18 мемлекет және үкімет басшыларымен қатар әлемнің әр түрлі елдерінен 160 мыңға жуық адам қатысып отыр. Бұл шараның ұйымдастырушылары ретінде Қытай халық республикасының Коммерция министрлігі, Шанхай халық үкіметі және Қытай халықаралық импорттық Экспобюросы танылуда.

Көрме шеңберінде, KTZ Express стенді қабырғасында Ченду, Шеньжень, Сиань, Сучжоу, Иу және басқа қалалардың қытайлық логистикалық платформаларының жетекшілерімен келіссөздер жүргізілді. Келіссөздер барысында тараптар Қытай – Еуропа – Қытай бағдары бойынша және Қазақстан аумағы арқылы өтетін Транскаспий дәлізі бойынша контейнерлік тасымалды дамытудағы ынтымақтастық перспективалары мен ағымдық жағдайды талқылай келіп, жүк тасымалын өсіру және жеткізілімнің логистикалық тізбегін дамыту туралы келіссөздерге қол жеткізді.

Қазақстандық стендті тамашалап көрушілерді қызықтырған тағы бір ақпарат, ол Қазақстан порттарының өткізу қабілеттілігінің жылына 26,5 млн тоннаға дейін жеткізілуі еді. Олар Ляньюньганнан Стамбулға бағытталған контейнерлік пойыздар құрамындағы жүктерді фидерлік құрғақ желіні пайдалана отырып, тасымалдауға арналған 16 тәулікті құрайтын транзиттік уақытты мейлінше жоғары бағалады. Сонымен қатар стендті тамашалаушыларды таң қалдырып, қызықтырған екінші бір мәселе, ол Еуропадан, Түркиядан, Кавказ елдерінен Қытайға бағытталған Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары арқылы Қазақстан аумағынан өтетін жүктерге тариф тердің үш есе төмен болуы еді. Бұдан бөлек, қазақстандық делегация көрме аясында Sinotrans Limited, швейцарлық интермодальды HUPAC компаниясының және басқа да танымал ком-паниялардың топ-менеджерлерімен кездесті. Қысқасы, қазақ-стандық транзит әлеуеті әлем елдерінің қызығушылығын тудырды.