Ақжайықтың көрсеткіші көтеріңкі

Косуим Мукашев

Косуим Мукашев

Ақжайық станциясы жүк тасымалы жоспарын орындауда бар мүмкіндігімен жұмыс істеуде. Станциядан күніне 2-3 пойыз, 100150 вагон қабылдапжөнелтіледі, жолдары қысқа, дөңесі жоқ станция үшін бұл аз мүмкіндік емес, жоғары көрсеткіш деуге болады.

Әсіресе жүк тиеу мен түсіру көлемі артып кеткен кезде оңай емес. Егер Құлсары, Махамбет станциялары тек мұнаймен жұмыс жасаса, мұнда цистерналарға бензин, мазут, реактивті отын құйылады. Егін егу мен жинау науқаны кезінде еліміздегі ауыл шаруашылығы мекемелеріне тапсырыс бойынша дизель отыны жіберіледі. Міне, сол кездерде станцияның қауырт жұмысы күндіз-түні бір тынбайды.

Станцияның 7 қабылдап-жөнелту, 3 тұрақтау жолы бар. Маневр жұмыстары станция ішінде жасалады, ол үшін екі маневрлік тепловоз тынымсыз жұмыс істейді. Станция бастығы Есенжан Темірғалиевтің айтуынша, биыл өткен 8 айда станцияның атқарған жұмысы ауқымды болды. Маусым айында орташа тәуліктік жүк тиеу көлемі жоспарда 12.59 вагон болса, нақты 5.2 вагон тиеліп, 41 пайызды құраған. Тоннамен есептегенде 50.7 тонна тиеліп, жоспар 48 пайызды құрапты. Ал жүк түсіру тәулігіне 93.5 вагон болып, 111,4 пайызға жеткен.

Енді сегіз айлық көрсеткішке тоқталсақ, орташа тәуліктік тиеу жоспардағы 6,6 вагон орнына 8,4 вагон болып, 127,3 пайызды құраған. Тоннаға шаққанда 487,9 тонна болып, 150,1%-ға орындалған. Жүк түсіру көлемі де аз емес – жоспар 60,12 вагон, орындалуы 67,99 вагон, 113,1%. Статистикалық салмақ 118,4 пайызға орындалды. Жұмыс паркі 109 вагон ды құрап, 100% болды. Жергілікті вагонның тұруы да 126,6 пайызды құрап, жоғары көрсеткішті көрсетті. Сегіз айда станцияда орташа тәуліктік вагон айналымы 236,9 вагонды құрап, жоспар 123,0 пайызға орындалды. 16522 вагон түсіріліп, жоспар 113,1%-ті құрады. Қысқасы, жұмыстың ауырлығы мен күрделілігіне қарамастан станция ұжымы өздеріне берілген жоспар межесінен көрініп келеді.