Таразда студенттерге арналған «Адалдық сағаты» өтті

Асел Танатарова

Асел Танатарова

Тараз көлік және коммуникация колледжінің мәжіліс залында және оқу кабинеттерінде студенттерге арналған «Адалдық сағаты» өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен, Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған шараға оқытушылар құрамы да белсене қатысты. Басқосуда білім ошағының директоры Ұ.Кенжебаева баяндама жасап, ұтымды ойларын ортаға салды.

«Бұл оқу ордасын тәмамдаған білімгерлердің барлығы – ертеңгі теміржолшылар. Сан мыңдаған жолаушы мен жүк тасымалының тағдыры осы мамандық иелерінің қолында. Сондықтан бұл мамандық иелері темірдей тәртіпке бағынып, адалдық пен адамгершілікті бірінші орынға қоятыны дәлелденген», – деді колледж жетекшісі.

Жиынға темір жол колледжінің ардагер ұстазы Е.Гостев пен әр жылғы түлектері қатысып, сөз сөйледі. Олар адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім құндылықтары тақырыбында ой қозғап, пікірлерін білдірді. Ардагерлер өздерінің еңбек жолдарымен студенттерді таныстырып, адалдықтың биік шыңы – ақылдылық пен білімпаздық, мәдениеттілік пен көрегенділік екендігін атап өтті.

Студенттер қонақтарға көкейлеріндегі сауалдарын қойып, жанжақты жауаптарын алды.