ҚТЖ тағы 300-ге жуық жаңа жолаушылар вагондарын сатып алады

Маусымдық билет тапшылығына ықпал ететін факторлардың бірі – вагондар жетіспеушілігі екені мәлім. Бұл әсіресе, мәселенің ушығатын кезеңі – жазғы демалыстар мен мереке күндерінде қатты байқалады.

Бүгінгі таңда Қазақстан темір жолында жолаушылар паркінің тозу деңгейі Тальго вагондарын есепке алмағанда 72 пайызды, ал барлық вагон паркі бойынша 46 пайызды құрайды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ 2-3 жыл көлемінде тағы 300-ге жуық жаңа жолаушылар вагондарын сатып алуға шешім қабылдады. Сонымен қатар ҚР Үкіметі жыл сайын 100-150 жаңа жолаушылар вагондарын алуға қарыз ретінде бюджеттік қаржы бөлу бойынша мәселені қарастыруда. Компания ұзақмерзімді перспективада жолаушылар вагондарын көмірсіз жылыту арқылы электрлі орталықтандырылған жүйе бойынша жақсартылған техникалық сипаттағы вагондарға бағдарланбақ.

Бұл ретте Тальго вагондары сыйымдылығы жағынан стандарт вагондардан кішірек болып келеді және келісім шартта техникалық сервистік қызмет көрсетуде валюта бойынша 65 пайызды құрап отыр. Соған орай компания «Патентес Тальгомен» келісім шартты әрі қарай созбайды.