Кейбір тасымал түріне тыйым

Райхан Рахметова

Райхан Рахметова

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан аумағынан 6 айға дейін ағаш материалдарының кейбір түрлерін алып шығуға тыйым салды. Оның себебін, елімізде сауда қызметін реттеу мақсатында деп түсіндірілуде.

Осыған орай «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ коммерциялық құрылымдар жүктемесін азайту үшін аталған жүктердің тасымалына арналған логистикалық шешімдер дайындады. Ол бойынша жүк жөнелтушілердің Ресейден Орталық Азия елдеріне тікелей транзитті Қазақстан аумағы арқылы көлік түрлерін ауыстырмай-ақ жүзеге асыруына жағдай жасайды.

Аталған шаралар компанияның бәсекеге қабілеттілік бойынша белсенді саясаты және еліміздің транзиттік әлеуетін жүзеге асыру шеңберінде жүргізілуде. Ағаш материалдарын тасымалдау және тарифтік шарттары, тасымалды ұйымдастыру мәселелері бойынша барлық сұрақтармен «KTZ Express» АҚ-ның сату департаментіне хабарласу керек.