Ақтөбелік теміржолшылар кәсіби мерекені волейболмен атап өтті

Ардақ Ерубаева

Ардақ Ерубаева

Ақтөбелік теміржолшылар кәсіби мерекеге орай волейболдан жолдастық кездесу өткізді. Сайыс Ақтөбе теміржолы стадионында жеті команданың қатысуымен ұйымдастырылды.

Теміржолшылар әу бастан салауатты өмір салтын берік ұстануымен ерекшеленеді. Сондықтан кәсіби мереке құрметіне спорт сайыстарын өткізу – ежелден дәстүрге айналған шара. Жарысқа бір үйдің баласындай өңір теміржолшылары түгел қатысты. «Жолдастық кездесу қала мен аудан теміржолшылары арасындағы қарым -қатынасты күшейтіп, әр жеке тұлғаның өздеріне деген сенімділігін арттыруды басты мақсат етеді», – дейді спорт нұсқаушысы Нұргүл Батырхан.

Кездесу тартысты өтті, әр команданың жеңіске жету жолындағы ойыны шеберліктің нағыз үлгісін көрсеткендей болды. Әйтсе де Шалқар, Ақтөбе және Қандыағаш қаласынан келген теміржолшылардың ойын өрнегі көпшілікті тәнті етіп, үздіктер қатарынан танылды.