Шымкентте теміржол саласына еңбегі сіңген қызметкерлерді марапаттады

Шымкент қаласындағы Индустриалды-инновациялық университетінің мәжіліс залында теміржол саласына еңбегі сіңген қызметкерлерді марапаттау салтанаты болып өтті.

Шымкент ЖТ бөлімшесінің директоры Ермекбай Ерманов барша әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, еңбекте табыс, отбасыларына амандық тіледі. Саланың өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосқандарға ерекше алғысын білдіріп, арнайы марапаттар табыс етті. Олардың қатарында ҚР Индустрия және инфрақұрылым министрінің бұйрығымен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ «Шымкент ЖТ бөлімшесі» филиалы бас инженері Ә.Айдаров, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ «Шымкент ЖТ бөлімшесі» филиалы Арыс локомотив пайдалану депосының бастығы Қ.Өтегенов, Арыс станциясы бастығының жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары Э.Дербісов, Арыс станциясындағы автоматтандырылған сұрыптау дөңесінің бастығы Н.Жүнісов, Арыс жол дистанциясының жол шебері Э.Маханов, Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы Р.Сүлейменов «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталып, мерейлері үстем болды. Сонымен қатар Арыс вагон пайдалану депосы вагондарды тексеруші-жөндеуші Н.Есекеев, Арыс станциясы бастығының логистика жөніндегі орынбасары Қ.Нарымбетов, Арыс жол дистанциясы жасанды құрылыстарды ағымдық күтіп-ұстау және жөндеу жөніндегі бригадирі С.Жанабеков ҚТЖ басшысынынң Құрмет грамотасын алды.

Бұдан бөлек, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы С.Мыңбаевтың бұйрығымен 14 теміржолшы «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталса, «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгісімен тағы 14 теміржолшы, «Үздік маман» төсбелгісімен 16 теміржолшы, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басшысының Құрмет грамотасымен 64 теміржолшы марапатталды.