Арыста 35 вагон жөндеуден өтті

Арыс вагон пайдалану депосының Шымкент техникалық қызмет көрсету пунктінде тек маусым айында 35 вагон жөндеуден өткен. Олардың басым бөлігін жабық вагондар құрайды.

Жалпы, Шымкент станциясынан 25-тен астам пойыз өтеді. Аталған техникалық қызмет көрсету орталығы бекетінің басты мақсаты – пойыздар мен жүк вагондарының ақау еместігін тексеріп, уақытында жіберу, жүктердің аман-есен шашылмай, межелі жеріне жеткізілуін қамтамасыз ету.

Тек маусым айында 349 тақ пойыз және 6052 вагон, ал жұп жолдан 351 пойыз 6078 жұп вагон тексеруден өткен. Вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінің бастығы Ермахан Тыныбековтің айтуынша, ақаулы вагондардың көбі жабық вагондар. Цистерна мен ашық вагондардан ақау анау айтқандай көп табылмаған.

«Біздің міндетіміз – жолаушылар мен жүк вагондарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге атсалысу, олардың қауіпсіздігін сақтап, баратын жеріне уақытылы жетуіне кедергі келтірмей, ақауы болса жөндейміз, жоямыз. Бүгінгі таңда жұмыс жоспарлаған көлемге сай жүріп жатыр. Ақаулы вагондарды техникалық жөндеуден тез өткізіп, уақытылы жөнелтуге тырысамыз, себебі астық және көмір тасымалы қарқын алған маусымда әрбір вагон санаулы екенін теміржолшылар жақсы біледі», – дейді ПТО басшысы