Жоспарлы кіріс көзі

Райхан Рахметова

Райхан Рахметова

Биылғы жылы, яғни 2019 жылдың соңына дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 5-7 жылға арналған тез жеткізуді талап ететін құны жоғары тауарларды жүк жөнелтушілермен атаулы жұмыс жүргізу бойынша маркетингтік жоспарлардың өзектілігі арта түседі деп болжануда.

Сарапшылардың бағалауы бойынша бұл тасымалдау нарығы 4,5 млн контейнерді құрайды. Транзиттен түсетін кірістердің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бірқатар тиімді шаралар қабылдауда. Ол жоспарлы кіріс көзін қамтамасыз етуге тиісті.

Сондай-ақ, бәсекеге қабілетті өтпелі тариф пен автоматтандырылған цифрлық сервисті қалыптастыру бойынша да бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұдан басқа, электрондық сауда нарығының өсуі және Қытай халық республикасы мен Оңтүстік-Шығыс Азиядан Еуропаға пошта сәлемдемелерінің транзиті есебінен өсімді қамтамасыз ету де жоспарлануда екен.