Атыраудың қарқынды еңбек үрдісі теміржолдағы жүк тасымалына ықпал

Косуим Мукашев

Косуим Мукашев

Өндірістік аймақ саналатын Атырау өңірінің қарқынды еңбек үрдісі теміржолдағы жүк тасымалына оң ықпал етіп келеді. Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша биылғы жылдың алты айында техникалық жоспарға сай негізгі 14 көрсеткіш 100 пайыздан аса орындалған.

Яғни, пайдаланым жүк айналымы 4699,9 млн.тк-мнетто болып, 102,5%-ды құрады. Жүк тиеу көлемі 5134,3 мың тонна болып, орындалуы 103,8 пайыз болды. Пайдаланым жүк айналымымен қоса, жұмыс вагонының айналымы 104,3, жергілікті вагон айналымы 98,9, ал жүк вагонының өнімділігі 105,3%, вагонның орташа тәуліктік жүрісі 103,6%, вагонның статистикалық салмағы 100%, пойыздың орташа салмағы 3965 тонна брутто, яғни 101,3 болып, аймақта жүк тасымалы көлемінің жарты жылда жоғарылағанын көрсетті. Локомотив жүрісі – 103,7%, пойыздың учаскелік жылдамдығы – 102,3%, пойыздар қозғалысының техникалық жылдамдығы – 101,3%, вагонның бір жүк операциясына тұруы 131,4% болып орындалды. Соған қарап, өңірде тасымал тасқыны жоғары екенін байқау қиын емес.

Ал енді директорлар кеңесі жоспары бойынша қарасақ, пайдаланым жүк айналымы 4699,9 млн.ткм-нетто болып, 102,8 %-ды құрады. Жүк тиеу көлемі 5134,3 мың тонна болып, орындалуы 104 пайыз болды, сол секілді негізгі басқа көрсеткіштер де жоғары. СД бойынша 1 көрсеткіш сәл кем түскен, ол бір техникалық станцияда вагон тұруының орташа ұзақтығы 95,2 пайыз болып, 4,8 пайызға төмендеген. Ал техникалық жоспар бойынша жергілікті жүк вагонының орташа уақыт айналымы 0,01 тәулікке немесе 1,1%-ға төмендесе, жүк вагонының орташа тәуліктік жүрісі 3 шақырымға кеміген немесе 1%.

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің техникалық бөлім бастығы Темірхан Аманқұловтың айтуынша, жергілікті вагон айналымының кем болуы вагондардың кеш келіп, жүк түсірудің баяу жүргізілгендігінен, Теңдік станциясына бағытталған тасталған бос вагондардың саны өсуінен болған. 6 айда барлығы 2515 вагон 102442 сағатқа тасталған, олардың орташа тұруы 40,7 сағатты құраған. Оған Теңдік станциясымен қосылатын «РТИ-АНПЗ» ЖШСның пойыз қабылдайтын кірме жолдарының бос болмауы, сонымен қатар Мақат, Махамбет, Сағыз станциялары бойынша транзит вагондардың тұрып қалуы себеп болған.

Жергілікті вагон айналымының төмендеуіне вагон жүгін баяу түсіру, кірме жолдардың алыстығы, локомотивтерді күтіп қалу, жүк түсіретін алқаптың бос болмауы, кедендік рәсімдерді күту, құжат айналымы, келісім-шарт жасақтау сынды себептерден вагон айналымына әсер еткен. Онда «Теңізшевройл», «Шанхай Конструкш» ЖШС, «Стар», «Халелов» ЖК, «ТНС», «Карат», «Рауан Налко», «Нуржол транс» ЖШС жүктері болған. Екінші мәселе – вагондардың орташа тәуліктік жүрісі. Бес айда бұл көрсеткіш 100,7%-ды құраған. 6-шы айда көрсеткіштің төмендеуіне тиелген вагондарды қабылдаудың кемуі, вагондардың жұмыс паркінің артып кетуі, жалпы вагондар жүрісінің вагон-шақырымы кемуі, т.б. себептер әсер еткен. Ал қалған жоспар түгел орындалды. Жалпы, өңірдегі тасымал тасқыны жарты жылда жақсы деңгейде келе жатыр. Вагонның статистикалық салмағы 54,15 тн-вагон болып, 100 пайызды құрады. Жүк вагонының орташа салмағы 3965 тонна брутто немесе 101,3%. Мұнайлы өңір теміржолшылары алғашқы жартыжылдық табысын осылай қорытындылап отыр.